Жүйеге кіру
ЕАЭО елдерінің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері коронавирустық инфекцияға қатысты жағдаят моииторингін жалғастыруда

ЕАЭО елдерінің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері коронавирустық инфекцияға қатысты жағдаят моииторингін жалғастыруда

11.02.2020

10 ақпанда Мәскеуде өткен ЕАЭО мемлекеттерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы уәкілетті органдары басшылары кеңесінің кезекті отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің 2019-nCoV жаңа коронавирустық инфекциясының әкелінуі мен таралуына жол бермеу бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыруы талқыланды.

ЕАЭО кеңістігінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттықты қамтамасыз ету мақсатында отырысқа қатысушылар 2019-nCoV және басқа да асқынған респираторлық вирустық инфекциялардың таралуына, ЕАЭО елдерінің жаңа коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды іске асыруына байланысты Одақ елдеріндегі ағымдағы жағдаятты талқылады, сондай-ақ Қытайдан эвакуацияланған және қазіргі уақытта карантинде жатқан пациенттерді бақылау нәтижелерімен бөлісті.

10 ақпанға Одақ елдерінде коронавирустық инфекция ауруының жаңа жағдайлары анықталған жоқ.

ЕАЭО елдерінің өкілдері «Роспотребнадзор»-дың «Вектор» ВБ МҒО ФБҒМ әзірлеген коронавирусты зертханалық диагностикалау құралдарын өтеусіз негізде бергені үшін «Роспотребнадзор»-ға алғыс білдірді. Ресей тарапы қажет болған жағдайда Одақ елдеріне ресейлік замани диагностикалық құралдарды қосымша жеткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін атап өтті.

Анықтама

ЕАЭО мемлекеттері халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы уәкілетті органдары Басшыларының кеңесі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 9 шешіміне сәйкес құрылды. Бұл –Одақтың мүше мемлекеттердің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттықты қамтамасыз ету саласында келісілген және үйлестірілген саясатты іске асыруы үшін құрылған көмекші органы.