Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының басшысы Михаил Мясникович пен ЕАЭО Сотының Төрағасы Жолымбет Бәйішевтің кездесуі

ЕЭК Алқасының басшысы Михаил Мясникович пен ЕАЭО Сотының Төрағасы Жолымбет Бәйішевтің кездесуі

11.02.2020

11 ақпанда ЕЭК штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық одақ Сотының Төрағасы Жолымбет Бәйішевпен кездесу өткізді.

Тараптар Еуразиялық экономикалық интеграцияны тереңдету, ЕАЭО Сотының осы процестегі рөлі және Одақ нарығындағы кедергілерді жою мәселелерін талқылады.

Михаил Мясникович Комиссия мен ЕАЭО Соты ортақ іс - Одақты нығайту мүддесіне жұмыс істейтінін атап көрсетті. Ол ішкі нарықтағы кедергілерді жою мәселелеріндегі ЕАЭО Сотының түйінді рөлін атап өтті.

«Тараптардың бірі қабылданғанды және келісілгенді толық көлемде орындамаса, біз белгілі бір кедергілерге тап боламыз, ал бұл шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан да, сол сияқты мемлекеттік басқару органдары тарапынан да сенім деңгейіне әсер етпей қалмайды», - деп атап өтті Михаил Мясникович.

Жолымбет Бәйішев өз кезегінде ЕЭК пен ЕАЭО Сотының мақсаттары сай келетінін - ол интеграцияны тиімді ету екенін, сол кезде оның Одақтың барлық мемлекеті үшін пайдалы болатынын атап көрсетті.

Михаил Мясникович пен Жолымбет Бәйішев ЕАЭО Соты қызметінің құқықтық негіздерін жетілдіру тәсілдемелерін келісті. Жолымбет Бәйішев Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары жобасында нықталғандай, Комиссияның Одақ Сотына жүгіне алуы туралы ұсынысты қолдады.

Комиссия мен ЕАЭО Сотының өзара іс-қимылын нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


​​