Жүйеге кіру
ЕЭК жаңа буын энергетикасында өнеркәсіптік кооперацияны дамытады

ЕЭК жаңа буын энергетикасында өнеркәсіптік кооперацияны дамытады

11.02.2020
​           Еуразиялық экономикалық комиссия «Энергетика және электрлендіру» технологиялық платформасымен бірлесіп, «Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық энергетикасына арналған озық технологиялар мен өнеркәсіптік жабдық» мемлекетаралық бағдарламасын іске асыруға дайындықты бастады. Мемлекетаралық бағдарлама ЕАЭО елдерінің энергетикалық кешенінің технологиялық дамуын жеделдетуге, олардың энергетикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін, әлемдік нарықтарда энергетикалық машина жасау өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге, энергетикалық сектордың технологиялық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған.

Одақтың бейінді мемлекеттік органдарына арналған мемлекетаралық бағдарлама бойынша тиісті ұсынысты Комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаменті мен технологиялық платформаның сарапшылар тобы істеп бітірді. Олардың кездесуінде бағдарламаның кезеңдері мен іс-шаралары түзетілді, жалпы тұжырымдама тиянақталды, бірқатар салада мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кәсіпорындары арасында кооперациялық тізбектерді құру бойынша ұсыныстар енгізілді.

Бұл арада сөз салааралық қолданудың өнеркәсіптік жылыту инновациялық жүйелерін әзірлеу, көп мақсатты және экологиялық таза микротурбиналар базасында озық энергия қондырғыларына көшу, электржелілік кешен жабдығы диагностикасы мен мониторингінің замани құралдарын дамыту, энергетикалық кешен объектілерін цифрландырудың замани құралдарын құру, электржелілік жабдықтың шағын жаңартылатын және таратылған генерациясының әртүрлі көздерімен сенімділігін арттыру мен тиімді интеграциялануын қамтамасыз ету, сондай-ақ қатты коммуналдық қалдықтарды кәдеге жаратудың инновациялық қондырғыларын құру туралы болып отыр.

Таяу уақытта мемлекетаралық бағдарлама бойынша бастамашылық ұсыныс жобасының түзетілген версиясы Одақтың бейінді мемлекеттік органдарына қайта келісуге ұсынылатын болады.