Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасы: ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіп өнімінің кооперациялық жеткізілімдері арта түсуде

ЕЭК Алқасы: ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіп өнімінің кооперациялық жеткізілімдері арта түсуде

10.12.2019
10 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы өнеркәсіп және техникалық реттеу салаларындағы мәселелерді қарады.

ЕЭК Алқасы «Кооперациялық өзара іс-қимылдың және кооперациялық жобаларды іске асырудың жыл сайынғы мониторингі нәтижелері туралы баяндаманы» мақұлдады.

2017 жылмен салыстырғанда өсу қарқынының біршама бәсеңдеуіне қарамастан, 2018 жылы Одақ шеңберінде өнеркәсіп өнімінің кооперациялық жеткізілімдері арта түсті. 2017 жылдың қорытындысы бойынша өсім 30%, 2018 жылы тағы да 8,8% қамтамасыз етілді.

2018 жылы кооперациялық жеткізілімдердің өсуі салалық бөліністе, мысалы, өңдеуші өнеркәсіптің көпшілігінде 21 саланың 16-сында болды. Бұл ретте мүше мемлекеттер басымдықты ретінде айқындаған және Комиссияның қатысуымен практикалық жұмыс қазірдің өзінде басталған салалар кооперациялық жеткізілімдерді өсіру қарқыны бойынша көшбасшылар қатарына енді.

Өзара кооперациялық жеткізілімдер өсімінің ең үлкен қарқыны кокс және мұнай өнімдері өндірісінде – 33%; өзге тауарлар өндірісінде – 20,1%; ағаш өңдеуде – 16,2%; машиналар мен жабдықтар өндірісінде – 14,8%; автокөлік құралдары өндірісінде – 14,1%; тамақ өнеркәсібінде – 11,1%; электр жабдықтары өндірісінде – 10,2%; металлургияда – 9,6% болып тіркелді.

ЕЭК Алқасы «Мамандандырылған тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінің, соның ішінде диеталық емдік және диеталық профилактикалық тағамдардың қауіпсіздігі туралы» техрегламентіне мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі өзектілендірілген бағдарламаны қабылдады.

Бағдарлама 48 мемлекетаралық стандартты, соның ішінде 13 - халықаралық және өңірлік стандарттардың немесе оларға ұқсас ұлттық стандарттардың негізінде әзірлеуді көздейді. Беларусь Республикасына 12 стандарт, Қазақстан Республикасына – 8, Ресей Федерациясына – 23 стандарт әзірлеу бекітілген.​