Жүйеге кіру
ЕЭК Министрі Д.Ахметов біріздендірілген тарифтерді қолдану мәселесі бойынша КО елдерінің көлік ведомстволары мен көлік компанияларының өкілдерімен кеңес өткізді

ЕЭК Министрі Д.Ахметов біріздендірілген тарифтерді қолдану мәселесі бойынша КО елдерінің көлік ведомстволары мен көлік компанияларының өкілдерімен кеңес өткізді

10.12.2012

7 желтоқсан күні Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияда Энергетика және инфрақұрылым бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Даниал Ахметовтың төрағалығымен тарифтік саясаттың негіздерін қоса алғанда, Тараптардың әрқайсысы біріздендірілген тарифтерді (төменде аталған Келісімнің 3, 6 және 7 баптарына сәйкес) қолдануы турасында теміржол қызметтеріне қол жетімдікті реттеу туралы Келісімнің ережелерін іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізілді.

Кеңеске Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу бойынша агенттігі, РФ Көлік министрлігінің, РФ тарифтер бойынша Федералдық қызметтің өкілдері қатысты. Оған қоса, бұл іс-шараға «РЖД» ААҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ сияқты теміржол саласының өкілдері шақырылды.

Кеңесті аша отырып, Д.Ахметов транзиттік тасымалдауларға қатысты үйлестірілген әрі келісілген тарифтік саясатты жүргізудің қажеттігін атап айтты, және де Тараптар Келісімде көрсетілген тарифтерді біріздендірудің мерзімдерін сақтаулары тиістігін басып айтты.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өкілдері біріздендіру бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы хабардар етті, сондай-ақ 2013 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде тарифтерді біріздендіру аяғына жеткізілетіндігін мәлімдеді.

Қорытындысында, кеңеске қатысушылар осы мәселе бойынша жұмыстарды Тараптар жандандырып, ЕЭК тарифтердің біріздендірілгені туралы мәліметтерді уақытында беріп отыру қажеттігін атап өтті.

Анықтамалық ақпарат.

Теміржол көлігінің қызметтеріне қол жетімдікті реттеу туралы Келісім, тарифтік саясаттың негіздерін қоса алғанда, КО мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы тасымалдаулар кезінде сол мемлекеттің тұтынушыларына жасалған жағдайлардан кем болмайтын жағымды жағдайларда тұтынушылардың теміржол көлігінің қызметтеріне қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша құқықтық негіздерді құруға бағытталған.

Сонымен қатар бұл Келісім теміржол көлігі қызметтерін тұтынушылар мен теміржол көлігінің ұйымдары арасындағы экономикалық мүдделердің балансын қамтамасыз етуге, бір мүше мемлекеттің теміржол көлігі қызметтерін көрсетуші ұйымның басқа мүше мемлекеттің теміржол көлігі қызметтерінің нарығына қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз етуге бағытталып отыр.