Жүйеге кіру
ЕЭК-те Алқа Төрағасы жанындағы Ғылыми-техникалық кеңес құрылды

ЕЭК-те Алқа Төрағасы жанындағы Ғылыми-техникалық кеңес құрылды

10.09.2020

​​10 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің жанындағы Ғылыми-техникалық кеңес төралқасының алғашқы отырысында Еуразиялық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарын ғылыми сүйемелдеу және мемлекетаралық бағдарламалар мен инновациялық жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.

Ғылыми-техникалық кеңес интеграцияның және Еуразиялық экономикалық одақты одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін талқылаудың пікірсайыс әрі кеңесу алаңы ретінде құрылды. Кеңес төралқасына ЕЭК министрлері, Одақ елдерінің ғылым және жоғары білім беру саласындағы мемлекеттік органдарының басшылары мен ұлттық ғылым академияларының басшылары кіреді.

Ғылыми-техникалық кеңес ғылыми-техникалық прогрестің стратегиялық бағыттарын қалыптастырады, басымдықтарды айқындайды, олар бойынша қорытындысында бүкіл Одақ экономикасының жаңғыртылуы мен тиімділігін арттыру қамтамасыз етілетін серпілісті иинновациялық жобаларға шығу үшін бағдарламаларды өрістетеді деп жоспарланып отыр.

Михаил Мясникович атап өткендей, ғылыми ойды тірек етпесе, Одақтың табысты болуы екіталай. «Ғылымда белгілі бір атқарымдар бар, экономиканың нақты секторының сұратымы бар, бірақ көбінесе бұл бірыңғай тізбекке байланыстырылмайды», - деп тиянақтады ЕЭК Алқасының Төрағасы.

Оның пікірінше, ғылым мен техника саласындағы өзара іс-қимылды инновациялық қызметтен, пилоттық жобалардан бастау керек. «Ғылым – бұл теңіз, стихия. Нақты экономика – бұл жер қаттысы, құрлық. Академиялық және ғылыми-білім беру қоғамдастығы – бұл құрлыққа жетіп тоқтауға және оны тиісті жобалармен байытуға тиіс кеме. Сол себепті айлақ – ғылым мен нақты экономиканың бірігуін қамтамасыз ететін инновациялық инфрақұрылым қажет», - деп атап өтті Михаил Мясникович.

ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі, Ғылыми-техникалық кеңес төрағасының орынбасары Сергей Глазьев Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын жете пысықтау туралы айтып берді. Ол Комиссияға ғылыми сүйемелдеу қажет түйінді бағыттарды атады.

«Сіздердің қолдауларыңыз қажет болатын қағидатты жаңа тақырыптама – ғылыми-технологиялық саясатты және ғылыми-техникалық прогрестің басым бағыттарын қалыптастыру, инновациялық белсенділікті, біздің экономикаларымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру», - деп атап өтті Сергей Глазьев.

Отырысқа қатысушылар ЕАЭО елдеріндегі ғылым мен техника саласындағы өзара іс-қимыл туралы өз ұсыныстарын айтты.

Ресей және Беларусь Ұлттық ғылым академияларының басшылары Александр Сергеев пен Владимир Гусаков Беларусь пен Ресейдің Одақтық мемлекеті шеңберінде бірлескен мемлекетаралық бағдарламаларды ойдағыдай іске асыру және ғылым мен технология саласында бірлескен кооперациялық жобаларды тиімді басқару мен қаржыландыру жүйесін құру тәжірибесімен бөлісті. Қазақстанның және Қырғызстанның Ұлттық ғылым академияларының президенттері Мұрат Жұрынов пен Мурат Джуматаев Одақтың бірыңғай ғылыми кеңістігін қалыптастырудағы өз пайымдарын ортаға салды.

Ресейдің Ғылым және жоғары білім беру министріның орынбасары Сергей Люлин экономикалық дамуға нысаналы жәрдемдесу механизмдерін пайдалануға және ЕАЭО-да «ғылым-өндіріс» мемлекетаралық тізбектерін қалыптастыруда ресейлік тәжірибені пайдалану мүмкіндіктеріне тоқталды. ЕАЭО шеңберінде ғылым мен бизнестің коммерцияға бағдарланған іс-қимылын кеңейту идеясын Ғылым және білім беру вице-министрлері: Қазақстаннан - Мирас Дәуленов, Қырғызстаннан - Пазылбек Турбаев, Армениядан - Артур Мовсисян, Беларусь Ғылым және технологиялар мемлекеттік комитетінің төрағасы Александр Шумилин қолдады.

ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян ЕАЭО-дағы Жерді қашықтан зондтау деректері негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсету ұсыну саласындағы мемлекетаралық бағдарламаларды әзірлеу тәжірибесі туралы айтып берді.

Төралқа мүшелері сарапшылық топ құрамын бекітті және Еуразиялық интеграциялық байланыстарды дамыту жөніндегі бастамаларды сарапшылық бағалаудың механизмдері мен бағыттарын талқылады.​