Жүйеге кіру
Карине Минасян: «ЕАЭО-ның тосқауылсыз бірыңғай нарығын цифрлық айқындыққа негізделген, тек өзіндік тәртіп арқылы ғана қалыптастыруға болады»

Карине Минасян: «ЕАЭО-ның тосқауылсыз бірыңғай нарығын цифрлық айқындыққа негізделген, тек өзіндік тәртіп арқылы ғана қалыптастыруға болады»

10.09.2019

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің нарығын біріктіру мәселелері 26 қыркүйекте “Еуразиялық апта -2019” IV Халықаралық көрме форумының шеңберінде талқыланады. «ЕАЭО-ның ішкі нарығы – аңыз бен шындық» панельді пікірталасқа қатысушы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Карине Минасян баяндама жасайды.

ЕАЭО аумағында тауарлар, еңбек етушілер, қызмет көрсету және капиталдың еркін қозғалысы кедергісіз болу керек. Алайда, көптеген жағдайда Одаққа мүше мемлекеттер ішкі шекарада шектеуші шараларды қолданады, бұл ЕАЭО туралы шарттың негізгі қағидаттарына қарама-қайшы.

ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы ағымдағы жағдайы ішкі нарықтың кедергісіз тиімді жұмыс істеу факторы және Одақ шеңберінде тауарлар, қызмет көрсету, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысының кепілі тұрғысынан талданады.

Еуразиялық экономикалық комиссия мен экономикалық ықпалдасу үшін жауапты мемлекеттік билік органдарының, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық өкілдері мен сарапшылары сессия барысында ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы кедергілерді талдайды, ЕЭК-тің оларды жою бойынша ағымдағы мүмкіндіктерін бағалайды. Сонымен қатар, қатысушылар Одақтың тауарлар, қызмет көрсетулер, капитал және жұмыс күшінің еркін қозғалысына цифрландырудың әсерін талқылайды.

Талқылануы жоспарланатын тақырыптар арасында - тауарлар мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы мемлекеттік бақылаудан қаншалықты “еркін” болып табылады. Ішкі нарықтың жұмыс істеуін, ішкі нарықтағы төрт “еркіндікті” қамтамасыз етуге цифрландырудың әсерін, оның мүмкіндіктері мен қауіптерін қамтамасыз ету кезінде Одақ елдерінің бейінді ведомстволары арасындағы өзара сенім мәселелері қаралады.

Сессияны ұйымдастырушы ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ЕЭК-тің ақпараттық-коммуникациялық технологиялары жөніндегі блогы болып табылады.

«Одақтың тауарлар, қызмет көрсетулер, капитал және жұмыс күшінің бірыңғай нарығын тосқауылсыз, алып тастаусыз және шектеусіз тек цифрлық айқындыққа негізделген бизнесті цифрлық трансформациялау және мемлекеттік бақылау арқылы ғана қалыптастыру мүмкіндігіне сенемін, – деді Карине Минасян. Осындай өзгерістердің жылдамдығы Еуразиялық одақтың ұзақ жылдарға бәсекеге қабілеттігін айқындайды. Міндетті “цифр” арқылы қалай шешу қажеттігін түсіну керек”.

Пікірталасқа қатысуға шақырылғандар:

·                     Варос Симонян, Армения Республикасының Экономика министрінің орынбасары;

·                     Елена Перминова, Беларусь Республикасының Экономика министрінің орынбасары;

·                     Жанель Кушукова, Қазақстан Республикасының Сауда және ықпалдасу вице-министрі;

·                     Алмаз Сазбаков, Қырғыз Республикасы Үкіметінің ЕАЭО-дағы істері жөніндегі арнайы өкілі;

·                     Михаил Бабич, Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрінің орынбасары;

·                     Олег Панкратов, Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі.

Кәсіби мүдделер саласы трансшекаралық саудаға, жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту, ЕАЭО елдерінде қызмет көрсету және қаржы қызметіне байланысты болатын тұлғалардың барлығын сессияға қатысуға шақырамыз.

Панельді сессия туралы және жалпы Форум туралы қосымша ақпаратпен eurasianweek.com сайтынан танысуға болады.

Анықтама
«
Еуразиялық апта» форумы – ЕАЭО елдері және Еуразиялық экономикалық комиссия ұйымдастыратын жыл сайынғы іс-шара болып табылады. 2019 жылы форум Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында өтеді. Іс-шараның күн тәртібі Одақ туралы шарттың бесжылдық қорытындыларын талқылауға бағытталған. “Еуразиялық апта” бағдарламасы үш: стратегиялық, әріптестік, жастарға арналған трек бойынша 20-дан астам алаңның ұйымдастырылуын болжайды. Форумға 2000-нан астам адам қатысады.

Аса толық ақпаратты «Еуразиялық аптаның» www.eurasianweek.com сайтынан алуға болады.