Жүйеге кіру
ЕАЭО-да «Шектеусіз жұмыс» бірегейлендірілген іздеу жүйесі» жобасы іске қосылады

ЕАЭО-да «Шектеусіз жұмыс» бірегейлендірілген іздеу жүйесі» жобасы іске қосылады

IMG02043.jpg
10.09.2019


9 қыркүйекте Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің үкімет басшылары орынбасарларының және ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің отырысы өтті. ЕЭК Кеңесінің мүшелері ЕАЭО елдерінің экономикаларын цифрландыру, ішкі нарықтың жұмыс істеуі, халықаралық ынтымақтастық, еңбек көші-қоны, кедендік реттеу, қаржы және салық саясаты, санитариялық-ветеринариялық және фитосанитариялық шаралар, өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен, бәсекелестік және бірқатар өзге салалардағы мәселелерді қарады.

ЕЭК Кеңесінің мүшелері 1 қазан күні Ереванда жүргізу жоспарланатын, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭК) отырысының күн тәртібі жобасын талқылады.

ЕЭК Кеңесі Одақтың ішкі нарығындағы тосқауылдар тізбесін қарады. ЕАЭО-дағы алып тастаулар мен шектеулер “жол картасы” механизмі арқылы жойылады, оның іске асырылу барысында 2018–2019 жылдары 17 тосқауылды жою жоспарланады. Ағымдағы сәтте 2017 жылдан бастап 40 тосқауыл жойылды, оның ішінде 7 шектеу, 5 алып тастау және 28 кедергі.

ЕЭК Кеңесі “Шектеусіз жұмыс” бірегейлендірілген іздеу жүйесі” жобасының іске қосылуын мақұлдады, оны Комиссия ЕАЭО мүше мемлекеттерімен бірге ЕАЭО цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде іске қосады. Жобаның негізінде - Федералды еңбек және жұмыспен қамту қызметінің (Роструд) бастамасы жатыр, кейіннен қатысушы елдердің бейінді ведомстволары қолдады.

Жобаның негізгі идеясы - кез-келген азаматқа немесе жұмыс берушіге Одақтың барлық елдері бойынша бос жұмыс орнын іздеу немесе түйіндеме іздеу мүмкіндігін беретін іздеу жүйесін құру. Жобаны 2020 жылдың соңына дейін жүзеге асыру жоспарланады. Оны іске асыру үшін ЕАЭО бес елінің қолданыстағы ұлттық алаңдары іске қосылады. Құрылатын іздеу жүйесі бос жұмыс орындары және жұмыспен қамту мен жұмысқа орналастыру саласындағы мүше мемлекеттердің ақпараттық жүйесіндегі бос орынды іздеушілер туралы ақпаратқа қолжетімдік алу мүмкіндігін береді. Нәтижесінде жүйені пайдаланушыларға - бос орынды іздеушілер мен жұмыс берушілерге - аумағында жұмысты іздеу немесе қызметкерлер құрамын іздеу, ұлттық ақпараттық жүйелерге әмбебап іздеу сұратуын қалыптастыру, бос орындар мен түйіндеме бойынша ақпаратқа қолжетімдік алу, сондай-ақ интерактивті іс-қимыл жасау мүмкіндігін жүргізу қажет болатын, Одақтың бір немесе бірнеше елін таңдау мүмкіндігі ұсынылады.

Осылайша, жоба ортақ еңбек нарығының қалыптастырылуын, жұмыс күшінің еркін қозғалу процесін жеделдету және ұтқыр еңбек ресурстарын қалыптастыруға себепші болады. Жүйенің бір күнтізбелік жыл жұмысының қорытындысында оған жүгіну саны кемінде 1 млн құрайды, бос орындар бойынша жауап беру және жұмыс берушілерден шақырулар саны - кемінде 100 мың және тиісінше кемінде 10 мың адамды құрайды деп жоспарланады.

“Шектеусіз жұмыс” бірегейлендірілген іздеу жүйесі” жобасы ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту саласындағы цифрлық экожүйені қалыптастыру бағытының бір бөлігі болып табылады.

ЕЭК Кеңесінің мүшелері “2020 жылға арналған Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметінің негізгі бағыттары туралы” Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі шешімінің жобасын және “Мүше мемлекеттер арасында газды тасымалдау және жеткізу саласында ЕАЭО мүше мемлекеттерінің заңнамасын үйлестіру туралы” ЖЕЭК жарлығының жобасын қарап, мақұлдады.

2020 жылға арналған ЕАЭО-ның халықаралық қызметінің негізгі бағыттарында үшінші елдермен, өңірлік ықпалдастық бірлестіктерімен және халықаралық ұйымдармен әріптестік әлдеқайда құрылған механизмдері ұсынылған, сондай-ақ әлеуетті келешегі бар әріптестер айқындалған, Одақ олармен байланысты артықшылықты тәртіппен тереңдетуге тырысады.

Одақ елдерінің арасындағы үйлестірілуі тиіс газды тасымалдау және жеткізу саласындағы мүше мемлекеттердің нормативтік құқық актілерінің тізбесі қажет болған кезде және мүше мемлекеттердің ұсыныстары негізінде, Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыруға қатысты актілерді жасап шығару шамасына қарай дайындалады. Сондай-ақ, осы құжатпен Одақ елдері арасындағы газды тасымалдау және жеткізу саласындағы мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру қағидаттары айқындалады.

ЕЭК Кеңесі кеден шекарасында және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында мемлекетті санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын, өнімдердің (тауарлардың) бірыңғай тізбесіне өзгерістер енгізді. Бұл шешім жеке тұлғаларды Одақтың кеден шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды жүкпен немесе қол жүгімен тасымалдау кезінде өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ұсыну қажеттілігінен босату мүмкіндігін береді.