Жүйеге кіру
ЕЭК ЕАЭО шекараларындағы проблемаларды жою үстінде

ЕЭК ЕАЭО шекараларындағы проблемаларды жою үстінде

10.08.2020
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы мүшелері мен мүше мемлекеттердің уәкілетті өкілдері ЕАЭО-дағы келіспеушіліктер мен даулы жағдаяттарды жою және тауарлардың еркін өткізілуін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі комитеттің 2-отырысында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің шекаралары арқылы тауарлар өткізудің даулы мәселелерін жою жөніндегі «жол картасын» қарады.

ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің төрағалығымен өткен іс-шараға ЕЭК Алқасының мүшелері – Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министр Олег Панкратов, Техникалық реттеу жөніндегі министр Виктор Назаренко, Сауда жөніндегі министр Андрей Слепнев, Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министр Тимур Жақсылықов, Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министр Гегам Варданян қатысты.

Одақ мемлекеттері ЕЭК-ке өз ұсыныстарын берді. Қазіргі уақытта тараптар іс-шара жоспарын қалыптастырудың әртүрлі тәсілдемелерін талқылауда.

ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович атап өткендей, ЕАЭО-да тауарлардың өткізілуімен байланысты даулы жағдаяттарды жоюға арналған жедел комитеттің рөлі – «өткен жылдары қабылдауға қол жеткізілмеген шешімдерді тұжырымдауында».

Отырыстың қорытындысы бойынша, «жол картасын» құрылымдауға – ұсыныстарды Комиссия Алқасының блоктары бойынша бөлуге шешім қабылданды, сөйтіп бұдан әрі ЕЭК өкілдері оларды тауарларды бақылап отыруды қоса, тараптардың сарапшыларымен пысықтайды. Ұсыныстарды жиынтықтаумен, соның ішінде тәуекелдерді айқындаумен техникалық бюро айналысады. Пысықталған бастамалар тараптарға талқылау үшін жіберілетін болады.

Сондай-ақ шараларды қысқа, орташа және ұзақ мерзімді кезеңділігі бойынша бөлу ұсынылды. «Ұзақ мерзімді шаралардың, тіпті белгілі бір дәрежеде Дамудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары жобасымен қосарласатын болса да, біздің «жол картамыздың» құрамында болуға құқығы бар деп есептеймін. Жедел комитет Стратегиялық бағаттарды іске асырудың дәл дегендей механизмі болып табылады», деп санайды Михаил Мясникович.

Отырысқа қатысушыларға Жоғарғы Ларс КАӨП арқылы Армениядан келген тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу мысалында навигациялық пломбаларды пайдаланумен тауарлардың тасымалдануын бақылауды ескере отырып, Одақ тауарларының ЕАЭО елдерінің біреуімен де ортақ шекарасы жоқ бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына кедергісіз өткізілуін қамтамасыз ету үшін шарыттар жасау бойынша ұсыныстар берілді. Ресей мен Арменияның екіжақты жобасы ЕАЭО-ның басқа елдері үшін қызығушылық тудырады.

ЕЭК Кеңесі 10 шілдедегі отырысында Еуразиялық экономикалық одақтағы тауарлардың өткізілуіне байланысты даулы жағдаяттарды жою үшін комитет құруға өкім еткенін еске сала өткен жөн.

Комитетті ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович басқарады. Оған Одақ елдері мемлекеттік билігінің уәкілетті органдарының басшылары мен орынбасарлары, сондай-ақ ЕЭК Алқасының мүшелері Олег Панкратов, Гегам Варданян, Тимур Жақсылықов, Виктор Назаренко, Андрей Слепнев кірді. Комитет ЕАЭО-дағы келіспеушіліктерді, даулы жағдаяттарды жою және тауарлардың еркін өткізілуін қамтамасыз ету жөнінде «жол картасын» әзірлеумен айналысады.

«Жол картасына» мүше мемлекеттер арасындағы, соның ішінде ішкі шекараларда өткізілетін Одақ тауарларына қатысты бақылау іс-шараларын алып тастауға немесе барынша азайтуға, Одақтың сыртқы шекарасындағы бақылау іс-шараларының нәтижелеріне деген өзара сенім деңгейін арттыруға бағытталған қадамдар кіреді деп бағамдалуда. Бұдан өзге, жоспарға Одақтағы тауар айналымының ашықтығын, есепке алынуы мен бақылануын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кірістірілетін болады.

«Жол картасы» ЕЭК Кеңесіне бекіту үшін ұсынылады.​