Жүйеге кіру
Михаил Мясникович Александр Лукашенконы сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Михаил Мясникович Александр Лукашенконы сайлаудағы жеңісімен құттықтады

10.08.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы  Михаил Мясникович Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

«Сіздің сендірерлік жеңісіңіз елдегі орасан  зор беделіңізді және халық тарапынан көрсетілген айрықша сенімді айғақтайды.  Сіздің халықаралық және мемлекеттік қызметтегі мол тәжірибеңіз, саяси және адами  көрегендігіңіз әлі де ұзақ жылдар бойы  Беларусь пен Еуразиялық экономикалық одақты ойдағыдай дамытуды қамтамасыз ете беретініне сенімдімін»,- делінген құттықтау жеделхатта.

ЕЭК Алқасының Төрағасы  сондай-ақ Александр Лукашенкоға «мықты денсаулық,  таусылмас күш-қуат және белорус халқы мен Еуразияның басқа да туысқан халықтарының игілігі жолында  жаңа ауқымды жетістіктерге жете беруіне»  тілектестігін білдірді.​