Жүйеге кіру
ЕАЭО-да карантиндік фитосанитариялық бақылау механизмі жетілдірілді

ЕАЭО-да карантиндік фитосанитариялық бақылау механизмі жетілдірілді

10.07.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру тәртібі туралы ережеге өзгерістерді бекітті.

Бұлар карантиндік фитосанитариялық бақылаудың тиімділігін арттыруға және нарықтың Одақ құқығын сақтайтын адал қатысушыларының қызметі үшін бұдан да қолайлы шарыттар жасауға көмектеседі.

Ереже карантинге жатқызылған өнімнің «өтініш берушісі» және «алушысы» терминдерімен толықтырылған. Практикада бұл оның ЕАЭО елдері арасындағы орын ауыстыруы кезінде межелі мемлекеттерде карантинге жатқызылған өнімді ұсынғаны үшін жауапты болатындарды айқындауға мүмкіндік береді.​