Жүйеге кіру
ЕЭК Кеңесі отырысының қорытындылары

ЕЭК Кеңесі отырысының қорытындылары

10.07.2020

Бүгін бейнеконференция режимінде ЕЭК Кеңесінің отырысы болып өтті.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 10 шілдедегі отырысында Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың өткізілуіне байланысты даулы жағдаяттарды жою үшін комитет құру туралы өкім қабылдады.

Еуразиялық экономикалық одақ елдері Кедендік төлемдерді төлеу міндеттерін орындауды қамтамасыз ету ұсынылуға тиіс жағдайлар үшін ЕАЭО-да қолданыстағы тауарлар транзитінің жүйесін жеңілдету жөніндегі келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.

Еуразиялық экономикалық одақтың «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне өзгерістер енгізілді. Құжат тұтыну орамасындағы өлшеп ораулы сүт өнімдері санатына кіргізілген «қалпына келтірілген сүтке» қойылатын талаптармен толықтырылған. Сөйтіп, оның сәйкестендірілуі мен қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша айқынсыздық жойылады. безопасности.

Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру тәртібі туралы ережеге өзгерістерді бекітті.​