Жүйеге кіру
ЕАЭО шекараларындағы проблемалар бұдан да жедел шешілетін болады

ЕАЭО шекараларындағы проблемалар бұдан да жедел шешілетін болады

10.07.2020
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 10 шілдедегі отырысында Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың өткізілуіне байланысты даулы жағдаяттарды жою үшін комитет құру туралы өкім қабылдады.

Комитетті ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович басқарады. Оған Одақ елдері мемлекеттік билігінің уәкілетті органдарының басшылары мен басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ ЕЭК Алқасының мүшелері Олег Панкратов, Гегам Варданян, Тимур Жақсылықов, Виктор Назаренко, Андрей Слепнев кіреді. 

Комитет келіспеушіліктерді, даулы жағдаяттарды жою және ЕАЭО-да тауарлардың еркін өткізілуін қамтамасыз ету жөніндегі «жол картасын» әзірлеумен айналысады. Одақ мемлекеттері 27 шілдеге дейін оған өз ұсыныстарын береді.

«Жол картасына» мүше мемлекеттер арасында, соның ішінде ішкі шекараларда өткізілетін Одақ тауарларына қатысты бақылау іс-шараларын алып тастауға немесе барынша азайтуға, Одақтың сыртқы шекарасындағы бақылау іс-шараларының нәтижелеріне өзара сенім деңгейін арттыруға бағытталған қадамдар енеді деп бағамдалуда. Бұдан өзге, жоспарға Одақтағы тауар айналымының ашықтығын, есепке алуды және оларды бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар да кірістірілетін болады.

«Жол картасы» ЕЭК Кеңесінің бекітуіне ұсынылады.​