Жүйеге кіру
ЕАЭО-да Транзитті жеңілдету жөніндегі келісімге қол қою жоспарлануда

ЕАЭО-да Транзитті жеңілдету жөніндегі келісімге қол қою жоспарлануда

10.07.2020

Еуразиялық экономикалық одақ елдері Кедендік төлемдерді төлеу міндеттерін орындауды қамтамасыз ету ұсынылуға тиіс жағдайлар үшін ЕАЭО-да қолданылатын тауарлар транзиті жүйесін жеңілдету жөніндегі келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. 10 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Келісім жобасын оған қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу мақсатында мүше мемлекеттерге жіберу туралы өкім қабылдады.

Келісімнің негізгі мақсаты кедендік транзит кезінде кедендік төлемдерді төлеуді қамтамасыз етудің бұдан да ыңғайлы жүйесін құру болып табылады.

Құжат мәселенің екі блогын реттейді. Біріншісі - транзиттік тасымалдарды жасау кезінде басты қамтамасыз ету ісінде жұмыс тәжірибесі бар және белгіленген критерийлерге сай келетін декларанттар үшін жеңілдетуді қолдану мүмкіндігін көздейді. Мұндай декларанттар қамтамасыз етуді әдеттегіге қарағанда аз мөлшерде ұсына алады. Соманың төмендеуі бірқатар шарыттың сақталуына байланысты 20% немесе 30% құрауы мүмкін.

Екінші блок кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі ретінде кепілгерлікті дамытуға бағытталған. Ол кепілгерлерді ұлттық кепіл деп танудың ортақ шарыттарын айқындайды және олар үшін қаржылық кепілдік мөлшерінің 10%-дан 100%-ға дейінгі сомасында жеңілдету қолдануды көздейді.

Келісімде қатталған «жеңілдікті» қамтамасыз ету механизмі ЕАЭО шеңберінде транзиттік тасымалдарды жасау кезінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің өкіміне сәйкес 2015 жылдан бері онымен жұмыс жүргізіліп келе жатқанын ескере келгенде, Келісім елдер мен Комиссия неғұрлым пысықтаған кедендік құжаттардың бірі болып табылатынын атап өткен жөн. Қазір ол өзінің логикалық аяқталуына жақындап келеді.​