Жүйеге кіру
Одақтың техникалық регламенті «қалпына келтірілген сүтке» қойылатын талаптармен толықтырылды

Одақтың техникалық регламенті «қалпына келтірілген сүтке» қойылатын талаптармен толықтырылды

10.07.2020

Еуразиялық экономикалық одақтың «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне өзгерістер енгізілді. Құжат тұтыну орамасындағы өлшеп ораулы сүт өнімдері санатына кіргізілген «қалпына келтірілген сүтке» қойылатын талаптармен толықтырылған. Сөйтіп, оның сәйкестендірілуі мен қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша айқынсыздық жойылды.

Осы уақытқа дейін қалпына келтірілген сүтті өндірушілер оның сәйкестігі мен таңбалануын растаған кезде «қалпына келтірілген сүт» орнына тұтынушы үшін тартымдылығы аздау «сүтті сусын» атауын пайдалануға мәжбүр болды.

Өзгерістер қалпына келтірілген сүттің адал өндірушілеріне оны сәйкестендіруге, тұтыну орамасында өлшеп орауға және «қалпына келтірілген сүт» ретінде айналысқа шығаруға мүмкіндік береді.

ЕЭК Кеңесінің шешімі Комиссия сайтында ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.

Анықтама

ЕАЭО-ның «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сәйкес «қалпына келтірілген сүт» - тұтыну ыдысында өлшеп оралған сүт өнімі немесе сүт өңдеу өнімдерінің өндірісіне арналған шикізат; бұл қоюланған, қойылтылған немесе құрғақ сүт өнімдерінен өндірілген ішетін сүттен және судан басқа шикізат.​