Жүйеге кіру
Вероника Никишина: «Еуразиялық экономикалық одақтың қалай дамитыны жастарға байланысты»

Вероника Никишина: «Еуразиялық экономикалық одақтың қалай дамитыны жастарға байланысты»

PHOTO-2019-07-11-10-01-45.jpg
10.07.2019

10 шілдеде интеграция мен экономикалық дипломатияға арналған Еуразиялық кеңістік жас дипломаттарының VI Форумының жалпы сессиясында сөз сөйлеген Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина Ресей СІМ Жас дипломаттар кеңесінің Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды дамыту жөніндегі қызметіне ілтифат лебізін білдірді.
ЕЭК министрі ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның іс-шараға қатысушыларға құттықтауын оқып берді. Онда «2017 жылдан бастап форум бүкіл әлемнің, соның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволарының іс басындағы қызметкерлерін біріктіреді, бұл елдер арасындағы ынтымақтастықты ойдағыдай ілгерілетуге ықпал етеді» деп атап өтілген. Тигран Саркисян ЕЭК-тің форумға қатысуы ізгі дәстүрге айналады деп үміт білдірді. Еуразиялық кеңістікте экономикалық дипломатияны дамыту мәселелерін талқылаудың өзі «дипломатиялық қоғамдастықтың Еуразиялық экономикалық одақ қызметіне деген өскелең мүддесі туралы айтып тұр». Ал жас ұрпақтың интеграцияға деген қызығушылығы «Еуразиялық кеңістіктегі экономикалық интеграция болашақта өз дамуын жалғастыра береді деген сенім ұялатады».
«Жас дипломаттардың «Еуразия» форумында талқылаудың түбірлі тақырыбы Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық прооцестер болуы қуантады,- деді Вероника Никишина.- Біздің елдеріміздің болашақ саяси және экономикалық элитасы жас өкілдерінің жеке қарым-қатынас жасау мүмкіндігі байланыстарды нығайтуға, ашықтық пен сенімді арттыруға, тіке және өнімді диалог құруға ықпал ететін болады».
Пікірсайыс барысында Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасуына, әлемдік экономиканың алдында тұрған және Еуразиялық континенттегі әрі жаһандық масштабтағы интеграциялық процестерге ықпал ететін қарапайым емес сын-қатерлерді ескере келгендегі әлемдік саясаттың қазіргі заманғы трендтері мен саудаға баса назар аударылды.
ЕЭК министрі атап өткендей, Одақтың халықаралық күн тәртібі тұрғысынан қарағанда, 2018 жыл жемісті болды. Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге және Иранмен еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге қол қойылды. «Сингапурмен және Сербиямен еркін сауда туралы келісім жасасуға етене жақындап келеміз, Мысырмен және Израильмен келіссөздер бойынша белсенді ілгерілеу үстіндеміз,- деді Вероника Никишина.- Енді бізге өз экспортымыздың өсуін құқықтық кепілдіктермен қамтамасыз ету және өз мүдделерімізді құқықтық механизмдермен қорғау қажет».
Пікірсайысқа сондай-ақ Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий және Ресей СІМ Жас дипломаттар кеңесінің төрағасы Константин Колпаков қатысты.