Жүйеге кіру
ЕАЭО-да электр энергиясының инновациялық жинақтауыштары және жоғары тиімділікті ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі саласында пилоттық жобаларды іске асырады

ЕАЭО-да электр энергиясының инновациялық жинақтауыштары және жоғары тиімділікті ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі саласында пилоттық жобаларды іске асырады

10.07.2019
Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің отырысында Одақ елдерінің ұлттық өнеркәсіптік кешендерді дамыту мәселелеріне жетекшілік жасайтын мемлекеттік органдарының басшылары Еуразиялық корпоративтік құқық жүйесін қалыптастыруды талқылады. Іс-шара 9 шілдеде Екатеринбургте болып өтті.
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Александр Субботин: «Бұл артықшылықтар шындыққа айналуы үшін бізге осы саладағы құжат қажет, бірақ Одақ заңнамасына жаңартпалар әзірлеудің нақты практикалық мақсаты болуға және экономиканың нақты секторының сұранысынан бастау алуға тиіс»,- деген пікір білдірді.
Талқылау қорытындысы бойынша электр энергиясының инновациялық жинақтауыштары және ауыл шаруашылығы техникасының жоғары тиімділікті үлгілері өндірісі саласында пилоттық жобаларды іске асыру туралы шешім қабылданды.
«Біз бүгін әртүрлі салаларда қолданымды болатын суперконденсаторлар, аккумуляторлар әзірлеуді, құруды және өндіріп шығаруды ұсындық. Бұл идея бірауыздан қолдау тапты. Біз Еуразиялық компания құрылады деп уағдаластық»,- деп атап өтті Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров.
Тараптар алдағы жұмыс стратегиясын және Одаққа қатысушы елдердің 2025 жылға дейінгі перспективадағы өнеркәсіптік саясаттарын үйлестіру бағытын талқылады. Алдағы уақытта Одақтың өнеркәсіптік кооперациясының практикалық құралдарын пысықтау жоспарлануда.
Атап айтқанда, станок жасау жөніндегі Еуразиялық инжиниринг орталығының жұмысын жеделдету және үшінші елдердің аумағында бірлескен өнеркәсіптік аймақтар құру ұсынылды.
«Біз өз арамызда бәсекелестік жасауға тиіс емеспіз. Егер біздің әріптестеріміздің біреуінде қандай да бір таңдаулы құзыреттер бар болса, біз оларды пайдалануға тиіспіз. Егер тауарлардың белгілі бір тобын бірлесіп шығару мүмкіндігі бар болса, онда тіпті жақсы. Келісілген өнеркәсіптік саясат бізді өнеркәсіптік кооперацияға алып келуге тиіс,- деді Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр.- Егер біз бұл саясаттан кететін болсақ, өнеркәсіптік кооперацияны дамытпайтын болсақ, онда мүлде жол беруге болмайтын біздің елдердің сауда соғыстары басталады. Одақ және сауда соғыстары – бұл мүлде бөлек екі түсінік».