Жүйеге кіру
Сақтандыру секторының цифрлық трансформациясы ЕАЭО-да нарықтың жаңа конъюнктурасын құруға алып келеді

Сақтандыру секторының цифрлық трансформациясы ЕАЭО-да нарықтың жаңа конъюнктурасын құруға алып келеді

10.07.2019
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Қаржы саясаты департаментінің директоры Арман Хачатрян «Сақтандыру нарығының негізгі сын-қатерлері» дөңгелек үстелінде мәлімдеді. Іс-шара Ресей Банкінің қолдауымен Бүкілресейлік сақтандырушылар одағы ұйымдастырған Сақтандыру жөніндегі халықаралық конференция (Russian Insurance Summit) шеңберінде Санкт-Петербургте өтті.
«Еуразиялық экономикалық одақ заңнаманы үндестіру, лицензияларды өзара тану, қызметті қосымша құрылусыз жүзеге асыру және құзыретті органдардың әкімшілік ынтымақтастығын ұйымдастыру арқылы сақтандыру секторын кезең-кезеңімен ырықтандыруды жүргізетін болады. Реттеушілік және технологиялық драйверлер масштабты, бәсекені, сақтандыру инфрақұрылымын, сату өнімдері мен каналдарын ескере отырып, жаңа одақтық нүктелерді ынталандыруы мүмкін. Бұл инвестициялық процеске халықтың ақшалай қаражатын тартудың тиімді жүйесі мен механизмдерін қосымша құрады және секьюритизация арқылы бағалы қағаздар нарығын ынталандыра алады»,- деп атап көрсетті Арман Хачатрян.

ЕЭК Қаржы саясаты департаментінің директоры атап өткендей, сақтандыру секторының цифрлық трансформациясы біртіндеп нарықтың жаңа конъюнктурасын құруға, сондай-ақ фирмалардың сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделуіне және бизнес-модельдердің трансформациясына алып келеді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар сақтандыру саласындағы түбірлі проблемалар мен өзекті мәселелерді: сақтандыру нарығын дамыту стратегиясын, стратегиялық және монополияға қарсы реттеуді, халықаралық сақтандырудың стандарттарын, сақтандыру саласына деген сенімділікті арттыру құралдарын, қаржылық дауларды реттеу перспективаларын, цифрлық трансформация мен сақтандыру нарығы үшін мүмкіндіктерді, электрондық коммерцияны және сақтандыру сервистерін талқылады.
Талқылауға Ресей Банкінің, Бүкілресейлік сақтандырушылар одағының, шет елдердегі сақтандыру одақтарының, сақтандырушылар қауымдастықтары мен бірлестіктерінің, аса ірі шетелдік сақтандыру және қайта сақтандыру компанияларының өкілдері, сондай-ақ сақтандыру және қаржылық технологиялар саласындағы халықаралық сарапшылар мен талдаушылар қатысты.