Жүйеге кіру
ЕЭК ЮНИДО-ның білімі мен тәжірибесін ЕАЭО елдері экономикасының инновациялық дамуы үшін пайдалануды жоспарлауда

ЕЭК ЮНИДО-ның білімі мен тәжірибесін ЕАЭО елдері экономикасының инновациялық дамуы үшін пайдалануды жоспарлауда

164A9574.jpg
10.07.2019
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Александр Субботин Өндіріс және индустрияландыру жөніндегі жаһандық саммитте (GMIS – 2019) сөйлеген сөзінде: «Нақ осы өнеркәсіпте жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін құзыреттердің шоғырландырылуы болады. Өндірістік кооперацияны одан әрі дамыту мен тереңдету, жұмыс істеп тұрған өндірістерді оқшаулауды арттыру активтердің топтастырылуы мен Еуразиялық трансұлттық компаниялардың құрылуы шеңберінде мүмкін болады»,- деп мәлімдеді.

ЕЭК өкілі Одақ экономикасының нақты секторының жаһандық бәсекеге қабілеттілікке жетуі жолында Еуразиялық экономикалық одақ алдында тұрған сын-қатерлер туралы айтты.
«Қазіргі заманғы әлем – қатаң бәсекелестік әлемі. Оның жарқын мысалы біздің Русал және «Группа ГАЗ» сияқты отандық ірі компаниялар ғана емес, айталық, шетелдік Huawei да болып табылады. Бұл экономикалардың бәсекелестігін ғана айғақтап қоймайды - болашақ әлемдік жайғасудың жобалары арасында жарыс жүріп жатыр»,- деп атап өтті Александр Субботин.
ЕЭК министрі «ИННОПРОМ – 2019» халықаралық өнеркәсіптік көрме жұмысына қатысты. Александр Субботин атап өткендей, «көрмеде көрсетілген кәсіпорындар, соның ішінде инновациялық саладағы, машина жасау өнімінің: жинақтауыштардан бастап дайын техникаға дейінгі толық спектрі өндірісі жөніндегі құзырет орталықтары болып табылады».
Көрме шеңберінде ЕЭК министрі Беларусь Республикасы Өнеркәсіп министрлігі стендінің салтанатты ашылуына қатысты. Александр Субботин ұсынылған үлгілердің жоғары бәсекеге қабілеттілігін, олардың ЕАЭО-ның ішкі нарығында да, сол сияқты сыртқы экспорттық нарықтарда да сұранысты екенін атап өтті.
«ИННОПРОМ» аясында Александр Субботиннің ЮНИДО бас директоры Ли Юнмен кездесуі болып өтті.
Тараптар өнеркәсіптік дамудың орнықтылығын арттыру міндеттерін шешу және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өндірістік және техникалық кооперацияны тереңдету үшін ЮНИДО-мен өзара іс-қимылдың практикалық мәселелерін талқылады.
Александр Субботин бұрын қол жеткен уағдаластықтарды іске асырудың аралық қорытындыларын шығарды, ЕЭК пен ЮНИДО-ның алдағы өзара пайдалы ынтымақтастығының бағыттары бейнеленетін «жол картасын» әзірлеуді ұсынды.
«ЮНИДО-ның бай тәжірибесі мен беделі біз үшін практикалық жағынан қызықты және біздің елдеріміздің экономикаларын инновациялық дамыту үшін бүкіл әлемге белгілі осы ұйымның білімі мен тәжірибесін пайдаланған болар едік», - деп мәлімдеді Александр Субботин.