Жүйеге кіру
ЕҮК отырысының қорытындылары

ЕҮК отырысының қорытындылары

10.04.2020
​10 сәуірде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің бейнеконференция форматындағы отырысы болып өтті.

ЕҮК мүшелері Еуразиялық экономикалық одақта халықтың өмірлік маңызы бар қажеттіліктерін қамтамасыз ету, өзара сауданы қолдау, COVID-19 пандемиясы жағдайында тауарлардың еркін қозғалыста болуы және бұдан кейінгі экономикалық өсу үшін жағдайлар жасау жөніндегі шаралар пакетін қабылдады.

Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары қаралды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін сериялы өнімнің шыққан жері туралы сертификатты қолдану механизмін құру туралы шешім қабылданды.

ЕҮК ЕЭК Алқасына ЕАЭО елдерінің үкіметтерімен бірлесіп ЕАЭО-ның халықаралық электрондық сауда саласындағы құқығының өзгерістері туралы актілер дайындауды тапсырды. Басқаша айтқанда, бұл – осы салада кешенді құқықтық реттеудің тиімді механизмдерін қалыптастыру деген сөз.

Механизмдер шетелдік интернет-алаңдарда сатып алынатын әрі жеке және заңды тұлғалардың атына әкелінетін тауарларды жеке санатта бөліп көрсету мен оларға қатысты бірқатар ерекшелікті белгілеуге қатысты болады.   

Үкіметаралық кеңес мүшелері «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі макроэкономикалық жағдаят және орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар туралы»  баяндаманы назарға алды.

ЕҮК-тің кезектен тыс отырысы 23 сәуірге жоспарланды, ол бейнеконференция режимінде өтеді.