Жүйеге кіру
Үкіметаралық кеңес ЕАЭО мемлекеттеріндегі макроэкономикалық жағдаят туралы баяндаманы назарға алды

Үкіметаралық кеңес ЕАЭО мемлекеттеріндегі макроэкономикалық жағдаят туралы баяндаманы назарға алды

10.04.2020
 «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі макроэкономикалық жағдаят және орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар туралы​»  баяндама ЕАЭО мемлекеттеріндегі 2019 жылғы экономикалық өзгерістердің сыртқы шарыттары мен үрдістері туралы ақпаратты, жүргізілген бюджет-салық және ақша-кредит саясатына шолу мен талдауды, ЕАЭО мемлекеттерінің экономикалық даму перспективаларын бағалауды қамтиды.

2020 жылдың басында болған COVID-19 коронавирусы пандемиясы шикізат нарықтарындағы бағалардың күрт төмендеуімен және қаржылық тұрақсызданумен ұштаса келіп, жаһандық экономикалық ортаның да, сол сияқты ЕАЭО-дағы макроэкономикалық жағдаяттың да елеулі өзгерісіне алып келді. Солай болса да, талдамалы баяндамада мазмұндалған бағалар, тұжырымдар мен ұсынымдар ағымдағы сәттерде де өзінің өзектілігін сақтайды. Олар ұлттық деңгейде де, сол сияқты Одақ деңгейінде де қабылданып жатқан дағдарысқа қарсы шаралар пакетімен бірлесе пайдаланылуы мүмкін.

Атап айтқанда, экономикалық айналымда іске қосылмаған қолда бар ресурстарды пайдалануды кеңейту, соның ішінде өндірістік қуаттарды жүктеу жөніндегі ұсынымдарды іске асыру ЕАЭО мемлекеттері экономикаларының дамуына елеулі серпім бере алады. Осы бағытты іске асыруды қолдау үшін ұлттық (орталық) банктердің инвестицияларға кредит беру және арнайы инвестициялық келісім-шарттар бойынша өндірістік кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыру мақсатында коммерциялық банктерді қайта қаржыландырудың арнайы құралдарын өрістетуі, сондай-ақ даму институттарын қорландыру; бірлескен нысаналы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру; өндірістік кооперацияны кеңейту сияқты шаралар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының жобасында көзделген басқа да шаралар мен механизмдер пайдаланылуы мүмкін.

Бұл жаһандық дағдарыстың теріс салдарын әлсіретіп қана қоймай, сол сияқты ЕАЭО экономикасын тезірек қалпына келтіріп, оның озыңқы даму мақсаттарына қол жеткізу үшін жағдай жасауға да мүмкіндік береді.