Жүйеге кіру
ЕАЭО-да Қазақстанда сериялы өндірілетін өнімнің шыққан жері туралы сертификатты қолдану механизмі құрылатын болады

ЕАЭО-да Қазақстанда сериялы өндірілетін өнімнің шыққан жері туралы сертификатты қолдану механизмі құрылатын болады

10.04.2020
Еуразиялық үкіметаралық кеңес өзара сауданы жеңілдету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін сериялы өнімнің шыққан жері туралы сертификатты қолдану механизмін құру туралы шешім қабылдады.

Бұл механизм тауарлардың шектеулі санатына, Қазақстан импорт кезінде оларға қатысты баждың неғұрлым төмен ставкаларын қолданатын ұқсас тауарларға қолданылатын болады.

Сериялы өнім сертификаты дайындаушыға (жеткізушіге) алты айға беріледі және осы кезеңде ЕАЭО-ның басқа мемлекеттеріне жүзеге асырылатын тиісті тауардың барлық жеткізілімдеріне қолданылатын болады. Сөйтіп,  әрбір жеткізілімді сертификаттау талап етілмейді.