Жүйеге кіру
ЕЭК Белоруссиядағы ақ қанттың бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін ұзартуға келісті, тауарлар туралы алдын ала хабарлау институтын дамыту туралы шешімдер қабылдады, аттракциондарға стандарттар бекітті

ЕЭК Белоруссиядағы ақ қанттың бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін ұзартуға келісті, тауарлар туралы алдын ала хабарлау институтын дамыту туралы шешімдер қабылдады, аттракциондарға стандарттар бекітті

10.04.2018

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріндегі кедендік ынтымақтастық, бәсекелестік, монополияға қарсы және техникалық реттеу мәселелері Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының отырысында 10 сәуірде қаралды. Беларусь Республикасындағы ақ қант бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін ұзарту келісілді, Одаққа су көлігімен әкелінетін тауарлар туралы ақпаратты ұсыну тәртібі айқындалды, аттракциондардың қауіпсіздігі туралы техникалық регламентке стандарттар тізбесі бекітілді, парфюмериялық-косметикалық өнімге арналған техникалық регламентке стандарттар тізбесі өзектендірілді, Еуразиялық интеграцияны тереңдету бойынша бірқатар өзге шешімдер қабылданды.

Беларусь Республикасының өтінішіне байланысты ЕЭК Алқасы елдегі ақ қант бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін 90 күнге - осы жылдың 15 шілдесіне дейін ұзартуға келісті.

Бұдан бұрын Беларусь Республикасы 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 60 Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің қаулысымен кристалл қантқа шекті төмен бағаны белгілеген болатын. Елде 90 күнге - осы жылдың 17 қаңтарынан 16 сәуіріне дейін - ақ қантты өткізу және бөлшек бағасын уақытша мемлекеттік реттеу енгізіліп, шекті сауда үстеме деңгейі 15%-ға дейін шектелді.

Қант бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін ұзарту, осы өнімнің Беларусь өндірушілері тарапынан іске асырылуы бойынша жағдайды тұрақтандыруға, сондай-ақ ЕАЭО-да және әлемдегі қайта өндірілуіне байланысты республиканың ішкі нарығындағы ақ қант бағасының диспаритетінің теріс әсерін жоюға бағытталды.

ЕЭК Алқасы ЕАЭО аумағына әкелінетін тауарлар туралы алдын ала хабарлау (АХ) институтын дамыту туралы шешімдер қабылдады.

Осылайша, 1 қазаннан бастап тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы су көлігімен тасымалдауды жоспарлайтын сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушыларға өткізу бекетіне келгенге дейін алдын ала әкелінетін тауарлар туралы ақпаратты тапсыру керек. Автомобильдік, теміржол және әуе көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты баламалы норма қазірдің өзінде қолданылуда.

Бұл ретте, Одақтың жаңа Кеден кодексінің ережелері бойынша бұзушылықтарға жол бермеу және Одақ елдерінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кеден органдарына қажетті болып табылатын міндетті ақпаратпен қатар, СЭҚ қатысушысы қосымша мәліметтер бере алады.

Қосымша мәліметтер СЭҚ қатысушыларының қалауы бойынша АХ-ны одан әрі пайдалану мақсаттарын ескере отырып берілуі мүмкін. Мұндай ақпарат кедендік ресмиліктерден өтуді жеделдетеді. Мысалы, егер жүк одақтың аумағы арқылы транзитпен өтеді деп жоспарланса, тасымалдаушы уақытша жоғалтуды азайту үшін транзиттік декларацияны ресімдеу мақсатымен қажетті мәліметтер көлемін алдын ала ұсынуға құқылы. Егер тауар уақытша сақтау қоймасына орналастырылатын болса, - осы рәсімге қажетті мәліметтерді ұсынады.

ЕЭК Алқасы тауарлар мен көлік құралдарын сәйкестендіруді жеңілдету мақсатында СЭҚ қатысушыларынан келіп түскен алдын ала ақпаратты бірыңғай тіркеу тәртібін бекітті. Шешім шаруашылық жүргізу субъектілерінің қолайлығы үшін кеден органдарын ақпараттық жүйелерге алдын ала деректер келіп түскен сәттен бастап 15 минут ішінде тіркеуге және СЭҚ қатысушысына АХ тіркеу нөмірін, оны тағайындау күні мен уақытын құрайтын хабарландыруды жолдауға міндеттейді. Тіркеуден бас тартқан жағдайда, хабарландыруда бас тарту себебі, күні мен уақыты болу керек. СЭҚ қатысушыларына тіркеуден бас тарту туралы жедел хабарлау, дұрыс емес АХ-ны уақытында түзету және оны кеден органына қайталап тапсыру мүмкіндігін береді. Тағайындалған тіркеу нөмірі ұсынылған алдын ала ақпаратты одан әрі пайдалану үшін автоматты, жедел және қатесіз сәйкестендіру мүмкіндігін береді.

ЕЭК Алқасы ЕАЭО-ның «Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне стандарттар тізбесін қабылдады.

Олардың біреуінде ерікті негізде қолданылуы кәсіпкерлерге осы техникалық регламент талаптарын орындау мүмкіндігін беретін құжаттар, екіншісінде - өнімнің техникалық регламент нормаларына сәйкес келуін бағалауды қоса алғанда қажет болатын, зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін құрайтын стандарттар бар.

Тізбе жобаларына енгізілген мемлекетаралық және ұлттық стандарттар ЕАЭО елдерінде үздік халықаралық практика есебімен жасап шығарылған. Олардың қолданылуы 2018 жылғы 18 сәуірде күшіне енетін Одақтың аттракциондарға арналған техникалық регламентінің талаптарын орындау мүмкіндігін береді.

Ол уақытша орнатылатын (жылжымалы) және тұрақты (іргетаспен немесе іргетассыз құрастырылған) аттракциондарға қатысты болады. Одақтың техникалық регламенті күшіне енгенге дейін дайындалған және қолдануға енгізілген ойын-сауық механизмдерін пайдалану мүмкіндігі мен шарттары ұлттық заңнамамен айқындалады.

Одақтың «Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізілді. 

Тізбелер ЕАЭО елдерінде қолданылатын стандарттар мен халықаралық практикалардың жиырмадан астам мемлекетаралық стандартпен, соның ішінде ISO халықаралық стандарттары негізінде жасап шығарылған он сегіз стандартпен қолданылуын талдауды ескере отырып толықтырылған. Сондай-ақ, барлық парфюмериялық-косметикалық өнім түрлеріне баламалы in vitro әдістерімен - осындай зерттеулердің халықаралық практикасына сәйкес жануарларды пайдаланбай, токсикологиялық сынауды қамтамасыз ететін әдістемелік ұсынымдармен толықтырылған.

Комиссия ашық талқылау кезеңінде алған, ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарының ұсыныстары бойынша тізбеге парфюмериялық-косметикалық өнімді сәйкестендіруге арналған 16 мемлекетаралық стандарт енгізген. Олардың ішінде - әртүрлі эфир майлары: гүлшетен, лимон эвкалипті, лаванда, сандал, иланг-иланг, бергамот және басқаларына арналған стандарттар бар.

ЕЭК Алқасы дәрілік заттардың анатомиялық-терапиялық химиялық сыныптауышының паспортын бекітті.

Одақ шеңберіндегі дәрілердің айналысы саласындағы ортақ үрдістерді іске асыру кезінде жіктеуіштің код белгілерін пайдалану міндетті болады.

Құжат ЕАЭО-ның тіркелген дәрілік заттарының бірыңғай тізілімін жүргізуді қоса алғанда, Одақ елдерінің уәкілетті органдары арасында электрондық өзара іс-қимылы кезінде қолданылады.

Сыныптауышты жүргізу операторы, Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің «Медицинада қолдануға арналған құралдарға сараптама жүргізудің ғылыми орталығы» федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесі болып айқындалды.

Анатомиялық-терапиялық химиялық сыныптау - бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан ұсынылған дәрілерді халықаралық жіктеу жүйесі. Жүйе дәрілік препараттарды есепке алу үшін фармакоэкономикада белсенді пайдаланылады, сонымен қатар ілеспе терапияны бағалау үшін клиникалық зерттеулерді жүргізу кезінде қолданылады.