Жүйеге кіру
ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Министрі Нұрлан Алдабергенов айтуынша: «ЕЭК монополияға қарсы органдармен бірге ЕЭО мемлекеттері арасындағы маршруттардағы тасымалдар бойынша бағаларды зерттеуді жалғастырады»

ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Министрі Нұрлан Алдабергенов айтуынша: «ЕЭК монополияға қарсы органдармен бірге ЕЭО мемлекеттері арасындағы маршруттардағы тасымалдар бойынша бағаларды зерттеуді жалғастырады»

10.04.2015

9-10 сәуірде Астанада Еуразия экономикалық комиссиясының бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа Мүшесі (Министрі) Нұрлан Алдабергенов «Қазақстан Республикасының және Еуразия экономикалық одағының (ЕЭО) монополияға қарсы заңнамасы» атты форумында ЕЭО трансшекаралық нарықтарындағы монополияға қарсы реттеулер туралы айтып кетті.

Форум монополияға қарсы саясат бойынша Үкіметаралық кеңесінің (МСҮК) 42-ші отырысы төңірегінде өткізілді. Форум ұйымдастырушысы ретінде Қазақстан Республикасының ұлттық экономика Министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі Комитетінің, Ресейдің федералдық монополияға қарсы қызметі және «Kazakhstan Bar Association» «Коммерциялық заңгерлер Алқасы» РБҰ қолдауымен «Бәсекелес саясатты дамыту және қорғау орталығы» және «ТМД елдеріндегі бәсекелестік дамуына ықпал етуші» КС қатысты.

«2015жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕЭО трансшекаралық нарықтарында бәсекелестіктің жалпы ережелерін сақтауды қадағалайтын ұлтаралық орган өз жұмысын бастады, – деп өз сөзінде Нұрлан Алдабергенов баяндады. – Бәсекелестік ережелерінің бұзушылығын жою, бұзушылық нәтижелерін жоққа шығару, бәсекелестік тууына әкелетін тосқауылдарды болдыртпау, сонымен қоса, шаруашылық субъектілерге-бұзушыларына айыппұлдың сакциясын қолдану туралы шаруашылық субъектілерге әрекет ету барысында шешімдерді қабылдауға міндетті».

ЕЭК Министрінің айтуынша, монополияға қарсы органдер мен Еуразия экономикалық комиссиясының өзара тиімді әрекет етуінің тамаша үлгісі ретінде зерттелетін трансшекаралық нарықтар: табиғи газ, электр қуаты, мұнай және мұнай өнімдері, автокөліктер, халықаралық әуе және темір жол тасымалдары және басқалары жатады.

Мысалға алсақ, «Мәскеу – Минск» бағытындағы темір жол және әуе транспорты арқылы жолаушыларды тасымалдау бағасын зертегенде темір жол бөлмелі вагондағы билет құны(10779 теңге) әуе билетінен (7769 теңге) артық екендігі айғақ болды. «Осыған байланысты ЕЭО мемлекеттер-мүшелерінің арасындағы маршруттарындағы темір жол және әуе тасымалдау бағаларын зерттеу, сонымен қоса, әуе компанияларының комисиялық қажы жинау туралы монополияға қарсыоргандармен өзара бірлескен жұмыс жүргізіледі деді Нұрлан Алдабергенов. 

Сонымен қоса, ол форум қатысушыларына тауарлық таңбаларға аймақтық және халықаралық құқықты жою қағидаттарын және кейінірек, оларды қолдану салдарлары туралы айтып кетті. Осылайша, Ресейде және Беларусьте 2012 жылға дейін аймақтық, Қазақстанда – халықаралық қағидат орын алды. ЕЭК Министрі пікірінше, мысалы, Қазақстандағы автокөлік бөлшектер нарығында «параллель» импортына тыйым салуының жағымсыз зардаптары ретінде салық төлемақысының төмендеуі, қызметкерлердің қысқартылуы, сауда кеңселерінің жабылуы болып табылады. Осылайша, «параллель» импортқа тыйым салу шағын және орташа бизнестің дамуына кедергі тудырады.

Сонымен қоса, «параллель» импортқа тыйым салу бәсекелестік тууын болдыртпайды және соның салдарынан – тауарлардың жоғары бағада орын алуы көрініс алады. Мысалы, кейбір дәрі-дәрмек препараттарының бағасын салыстырғанда бағада бар айырмашылықтарды аңғартты. Сонымен, Ұлы Британиядағы остеопорозды емдеуге арналған «Фосаванс» препаратының бағасы 32 АҚШ долл., құрады, ал Ресейде – 108 АҚШ долл., Қазақстанда – 65 АҚШ долл.

Құқықты жою халықаралық қағидатына ауысу бренд аралық бәсекелестіктің, тауар өнімдерінің сұрыптамасының арттыруына, инвесторлар үшін мәнді артықшылықтарының сақталуына, шағын және орташа бизнесті дамытуына, жұмыс орындарын құруына және жұмыспен қамтуды арттыруына әкеледі.

Мемлекеттік сатып алулар нарықтарына келсек, ЕЭК Министрі ЕЭО мемлекеттер-мүшелер тасымалдаушылары оларға қол жеткізуге рұқсат алғандығын хабарлады. Соның ішінде, бұл трансшекаралық қолдану мүмкіндігін жүзеге асыру арқылы электрондық, сандық қол қоюды қолдану және ұлттық режимнен шектеулерді жою немесе осындай орнатылған шектеулерді жою болып табылады. Осылайша, ЕЭО мемлекеттеріндегі мемлекеттік сатып алулар көлемі 2013 жылда 266 млрд АҚШ долл. құрды. Соның ішінде, Арменияға 1,2 млрд АҚШ долл., Беларуське – 5,1 млрд АҚШ долл., Қазақстанға – 9,3 млрд АҚШ долл., және Ресейге – 250,4 млрд АҚШ долл. келеді. Сонымен бірге, ЕЭО мемлекеттер-мүшелеріндегі электрондық сатып алулар үлесі 42% құрады.

Нұрлан Алдабергенов айтуынша, мемлекеттік сатып алулар саласындағы даму келешегі ИТ-технологиясында кең ауқымда қолданылуы, мемлекеттік сатып алулар бәсекелестік нарығын ұлғайтылуы, ықтимал тосқауылдарды және мемлекетік сатып алулар өзара нарығындағы басқа шектеулерге қол жеткізуге шектеуді жалғастыру болып табылады.

Анықтама:

МСҮК – Монополияға қарсы саясат бойынша Үкіметаралық кеңесі ТМД мемлекеттер-мүшелеінің монополияға қарсы органдарының өзара әрекет ететін негізгі алаңы болып табылады. Қазіргі уақытта МСҮК мүшелері ретінде ТМД 10 жуық мемлекеттерінің монополияға қарсы органдарының өкілдері жатады.