Жүйеге кіру
ЕЭК экспорттық әлеуеті мейлінше жоғары салаларды айқындады

ЕЭК экспорттық әлеуеті мейлінше жоғары салаларды айқындады

IMG02151.JPG
10.03.2020

ЕЭК Алқасы 10 наурыздағы отырысында Еуразиялық өнеркәсіптік экспортты дамыту жолында ЕАЭО елдерінің бірлесіп шығуы үшін үшінші елдердің әлеуетті перспективалы нарықтарын талдау нәтижелері туралы баяндаманы мақұлдады.

 

Металлургия, химия және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі экспорттық әлеуеті мейлінше жоғары салалар болды.

 

Атап айтқанда, осы салалардың тауарлары Одақ еркін сауда туралы келісім жасасқан немесе жақын арада жасауды жоспарлап отырған елдерде сұранысқа ие. Мысалы, ЕАЭО-да өндірілген металлургиялық өнімдер Мысырда (үшінші елдердің нарықтарына экспорттың жалпы көлемінің 2,5%), Вьетнамда (1,1%) және Израильде (0,6%), химия өнеркәсібі өнімдері - Үндістанда (4,5%), Вьетнамда (0,6%) және Сербияда (0,5%), целлюлоза-қағаз өнеркәсібі өнімдері - Үндістанда (7,5%), Иранда (1,2%) және Мысырда (1%) сұранысқа ие.

 

ЕЭК Өнеркәсіп және АӨК жөніндегі министрі Артак Камалян атап өткендей, ЕАЭО елдерінің өңдеуші өнеркәсібі өнімдерінің үшінші елдерге экспортының көлемі 2018 жылы 22,1% артты, ал 2017 жылдың қорытындысы бойынша экспорттың өсуі 24,2% болып тіркелген еді.

 

Бұдан басқа, сауда келісімдері шеңберіндегі әріптес елдер бойынша қазіргі уақытта өңдеуші өнеркәсіп өнімдері тауар айналымының тұтастай алғандағы оң серпіні тіркелген.

 

Артак Камалян: «2018 жылы еркін сауда туралы келісімдер бойынша әріптестер нарықтарына Одақтың өнеркәсіптік өнімі экспортының серпіні жекелеген позициялар бойынша осы елдердің нарықтарына экспорттың жалпы әлемдік серпінінен асып түскенін» атап өтті.

 

Еске сала кетсек, ЕАЭО-ның сауда келісімін жасасқан елдерінің тізіміне Вьетнам, Сербия, Сингапур, Иран кіреді. Сондай-ақ қазіргі уақытта Мысырмен, Израильмен және Үндістанмен келісімдер жасасу туралы келіссөздер жүргізілуде.

 

Осымен бір мезгілде, экспорттың көлемі мен құрылымын ескере келгенде, баяндама шеңберінде Одақ елдерінің ынтымақтастығы үшін перспективалы үшінші елдердің нарықтары айқындалды, сондай-ақ өнім тізбесі айқындалды.

 

Баяндамамен Комиссияның сайтында толығырақ танысуға болады.​