Жүйеге кіру
ЕЭК пен Израиль ынтымақтастықты жандандыруға уағдаласты

ЕЭК пен Израиль ынтымақтастықты жандандыруға уағдаласты

10.03.2020

ЕЭК штаб-пәтерінде Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Артак Камалян мен Израильдің Ресейдегі Уақытша сенімді өкілі Яков Ливне бастаған Израиль Мемлекеті Елшілігі делегациясының мүшелері Еуразиялық экономикалық одақ пен Израиль Мемлекетінің өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешеніндегі салалық ынтымақтастығын дамытуды талқылады.

Яков Ливне Израиль тарапының алдағы уақытта ЕАЭО елдерінен сиыр еті мен жұмыртқа импортын арттыруға дайын екенін хабарлады.

 

Бұл мәселені Комиссия мүдделі өндірушілермен пысықтауды, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенге жаңа технологияларды ендіру бойынша израильдік әріптестерімен ынтымақтастықты жандандыруды жоспарлап отыр.

 

«Израиль ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды пайдалану бойынша әлемдік көшбасшылардың үштігінде тұр, сондықтан Одақ тарапынан нақ осы тәжірибе барынша қызығушылық тудыруы мүмкін», – деп мәлімдеді Артак Камалян.

 

Кездесуге қатысушылар ғылыми ортаның, бизнес-құрылымдардың және мемлекеттік биліктің атқарушы органдарының өкілдері шақырылатын өнеркәсіпті және агроөнеркәсіптік кешенді технологиялық дамыту бойынша консорциум құру перспективаларын зерделеуге уағдаласты.​