Жүйеге кіру
«Digital Almaty 2021» форумында ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі шеңберіндегі жобалар мен бастамаларды іске асыру талқыланды

«Digital Almaty 2021» форумында ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі шеңберіндегі жобалар мен бастамаларды іске асыру талқыланды

Фото_Общее.jpg
10.02.2021

Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылға дейінгі стратегияларына бірқатар цифрлық бастама мен ​ жоба кірістірілген. Бүгінгі таңда оларды қалыптастыру және іске асыру процесі жүруде. «Digital Almaty 2021» цифрлық форумы шеңберінде «ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі шеңберіндегі жобалар мен бастамаларды іске асыру» панельдік сессиясында басымдықты жұмыстарды орындау барысы туралы сөз болды. Пікірсайыс модераторы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының көмекшісі, цифрлық бастамаларды басқару офисінің өкілі Мирлан Омуралиев болды.

 

Цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесіне жол

Одақ елдері уәкілетті органдарының өкілдері ЕАЭО цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесін одан әрі қалыптастыруды «ЕАЭО цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесінің сервистері мен цифрлық инфрақұрылымы механизмдері» дөңгелек үстелінде талқылады.

 

Мирлан Омуралиев атап өткендей, осы сәтке цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесін қалыптастыру мақсатында іске асырылатын сервистер мен цифрлық инфрақұрылым тізбесі бекітілді. Келесі қадам – оларды іске асыру механизмдерін айқындау болып табылады.

Цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесі – бұл иелері мен операторлары бизнес те, мемлекеттік билік органдары да болуы мүмкін цифрлық платформалар мен ақпараттық жүйелерді кірістіретін логистикалық ақпарат алмасудың ашық цифрлық ортасы. Экожүйе көлік құралдары, экипаждар, жүктер, тасымал мен технологиялық операциялардың барлық кезеңіндегі рұқсат беру және ілеспе құжаттар туралы ақпаратты интеграциялайды.

Армения Республикасы Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрлігінің Сыртқы байланыстар департаменті ЕАЭО бөлімінің бастығы Виолетта Агаджанян ЦКД экожүйесінің сервистері мен цифрлық инфрақұрылымын іске асыру механизмдеріне қатталатын негіз қалаушы қағидаттардың бірі – әмбебаптық пен қолжетімділік болуға тиіс деп санайды.

«Әмбебаптық қағидаты жобада қатталған технологиялардың кейіннен Одақтың немесе ЕАЭО арқылы өтетін дәліздер бойынша халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көліктің барлық түрі үшін пайдаланылуы мүмкін екендігін білдіреді. Бұл ретте жобаның цифрлық сервистері ЕАЭО-да халықаралық маршруттар арқылы жүзеге асырылатын халықаралық тасымалдардың барлық қатысушысына қолжетімді болуға тиіс. Тағы бір қағидат ретінде сервистердің ЕАЭО елдері арасында да, үшінші елдермен де интеграцияланатынын көрсеткен жөн, өйткені Арменияның Одаққа қатысушы қандай да бір елмен тікелей құрылықтағы шекарасы жоқ», — деп атап өтті Виолетта Агаджанян.

Беларусь Республикасы Байланыс және ақпараттандыру министрлігінің «Қолданбалы бағдарламалық жүйелер институты» РҒИБК директоры Игорь Михайловскийдің пікірінше, негізгі қағидаттарға цифрлық инфрақұрылым құру қағидатын, бірдей типті сервистердің интероперабельділік қағидатын, сондай-ақ мультимодальді көлік тасымалдары сүйемелдейтін құрылымданған деректерді және электрондық құжаттарды кроссшекаралық ақпараттық алмасу қағидатын жатқызуға болады. Бұдан басқа, сөз көлік-логистикалық қызметтер көрсету нарығында оларды толық ауқымда ендіру алдында салынатын технологиялық тұжырымдамалар мен шешімдерді тестілеу үшін ЦКД экожүйесінің инфрақұрылымы мен базалық сервистерінің негізгі элементтерін кезең-кезеңімен сынамалау қағидаты туралы болуға тиіс.

 

Қазақстанда іске асырылатын көлік және логистика саласындағы барлық цифрлық жоба көлік-коммуникация кешенінің бірыңғай экожүйесін қалыптастырады, ол кейіннен Одақтың цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесімен интеграцияланып, ЕАЭО халықаралық көлік дәліздерінің жоғары өткізу қабілетін және көліктік тартымдылығын қамтамасыз етеді.

 

«Одақтың ЦКД экожүйесінің сервистері мен цифрлық инфрақұрылымын іске асыру мүше мемлекеттердің цифрлық егемендігін сақтау, жоғары интероперабельділік қағидаттарына негізделуге, сонымен бірге ұлттық, соның ішінде заңдармен қорғалатын деректерді қорғау саласындағы заңнамаға қайшы келмеуге тиіс», — деп санайды Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті төрағасының орынбасары Данияр Қоспабаев.

 

Ол Одақтың ішкі шекарасынан тездетіп өту және бақылау іс-шараларының анықтығын қамтамасыз ету мақсатында ЕАЭО-ның ішкі контурында да цифрлық сервистерді ендіруді ұсынды.

 

Өз кезегінде Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібі шеңберінде жобаларды іске асырудың қазіргі бар механизмдерінің тұжырымамалық негіздерін пайдалануды ұсынады.

 

«Механизмдерді таңдау кезінде жобаны іске асырудың мемлекетішілік логикасын айқындау маңызды. Цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесінің архитектурасын Одақ елдерінің көлік пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелеріне жауап беретін мемлекеттік билік органдары, логистика қауымдастықтары, IT-қызметтер көрсетуді жеткізушілер және логистикалық қызметтер көрсетуді жеткізушілер қызметін қадамдастыру, сондай-ақ ұлттық жүйелердің қазіргі бар шешімдерінің өзара байланысын ұйымдастыру қажеттігін ескере отырып, бірлесіп құруға тиіс екенін ескерген орынды. Бұл ретте жоба деректердің ұлттық егемендігі қағидатына негізделуге тиіс», — деп атап көрсетті Қырғыз Республикасы Көлік және жолдар министрлігінің автомобиль және теміржол көлігі басқармасының бастығы Адылбек Акматов.

 

Механизмдерді таңдау кезінде мына сұрақтарға: мемлекеттік сервистерді іске асыруға кім жауапты екендігіне, мемлекеттік және мемлекеттік-жекеше платформаларды кімнің құратынына, жобаның қандай бөлігі Одақ, қандай бөлігі ел бюджеті есебінен қаржыландырылатынына жауап берген де маңызды.

 

«Цифрлық технологиялар бүгінде көлік қызметтерін көрсетуді цифрлауға біртіндеп көшу және ұлттық сервистердің функционалдығын тұрақты өсіру үшін барынша қолайлы ландшафт жасауға мүмкіндік береді», — деді Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің Цифрлық трасформация департаменті цифрлық көлік логистикасы және интеллектуалды көлік жүйелері бөлімінің консультанты Мария Мигур.

 

Ол атап өткендей, Ресейде «Цифрлық экономика» ұлттық бағдарламасы шеңберінде қазірдің өзінде кешенді сервис – жолаушылар мен жүктерді тасымалдау кезіндегі құжат айналымын цифрлық түрге көшіру жөніндегі «суперсервис» басталды. Бүгінде қағазсыз құжат айналымы платформасының түпүлгісі, тасымалға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібінің жобасы мен бірқатар құжат (көлік жүкқұжаты, жолсапар парағы, ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсаттар) бойынша деректер алмасудың форматы әзірленді.

 

«Өткен жылы біз елдердің уәкілетті органдарымен бірлесіп ұлттық сервистердің ақпараттық-коммуникациялық «көрме-сөресін» жасау жөніндегі жобаны талқылауды бастадық. Біздің ойымызша, осы тектес құралды жасау ЕАЭО аумағында тасымалға қатысушылар мен бақылау органдары арасындағы цифрлық тілдесімнің бірегей механизмдерін әзірлеудің салмақты сүйеніші болады», — деді Ресей Көлік министрлігінің өкілі.

 

Техникалық реттеуді цифрлау

Панельдік сессия шеңберінде «ЕАЭО шеңберіндегі цифрлық техникалық реттеу» жобасы ұсынылды. Жоба Одақтың техникалық реттеу жүйесін, соның ішінде реинжиниринг пен нарықтың барлық қатысушысы: дайындаушылардың, экспорттаушылардың, импорттаушылардың, жеткізушілердің, тұтынушылардың, сәйкестікті бағалауды жүзеге асыратын органдардың, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін процестерді цифрландыруды цифрлық трансформациялауға бағытталған.

«Жобаға техникалық реттеу жүйесі цифрлық технологияларды қолдану мен негізгі процестерді цифрландыруға аса мұқтаж өте дер кезінде бастамашылық жасалып отыр. Жоба шеңберінде пайдаланушыларға қажетті деректер мен техникалық реттеудің дәл сәйкестендірілген объектілеріне қолданылатын ақпаратты бейнелеу мүмкіндігі, сондай-ақ қажетті деректерді беру және өнімді жобалау, өндіру әрі нарыққа шығару процестерін цифрландыруды қамтамасыз ету үшін цифрлық сервистерге қол жеткізу қамтамасыз етіледі», — деп атап көрсетті ЕЭК-тің Техникалық реттеу департаментінің директоры Тимур Нұрашев.

Жобаны іске асыру Одақтың ішкі нарығында бар кедергілерді жою үшін де перспективалық маңызды – бірыңғай талаптарды тезірек белгілеу саудадағы тұтастай бірқатар тосқауылды жою жөніндегі пәрменді шаралардың бірі болып табылады.

Оны іске асыру нәтижесінде нарықтың барлық қатысушысына қажетті деректер беріледі және өнімді жобалау, өндіру әрі нарыққа шығару процестерін цифрландыруды қамтамасыз ету үшін цифрлық сервистерге қол жеткізетін болады.

Мирлан Омуралиев атап өткендей, жобаны цифрлық бастамаларды басқару офисі ақпараттандыру және техникалық реттеу блоктарымен бірлесіп, сондай-ақ мүше мемлекеттердің мүдделі органдары және ұйымдарының қатысуымен пысықтады. «Халықаралық сауда және интеграция» зерттеу орталығы өзін жоба бастамашысы ретінде көрсетті.

 

Жұмыс іздеу жүйесі және персоналды іріктеу

ЕЭК Алқасы Төрағасының көмекшісі, цифрлық бастамаларды басқару офисінің өкілі Айнұр Жетпісова мен «БФТ» ЖШҚ стратегиялық әзірленімдер департаменті бизнес-талдау басқармасының басшысы Илья Моисеев «Шекарасыз жұмыс» біріздендірілген іздеу жүйесі» жобасын іске асыру барысы туралы таныстырылым өткізді.

 

Жобаның негізгі мақсаты – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту саласындағы ақпараттық жүйелерінде қамтылған бос жұмыс орындары мен бос орындарды іздеушілер туралы ақпаратта қол жеткізу үшін іздеу жүйесін құру. Жобаны іске асыру нәтижесінде жүйені пайдаланушыларға (бос орындарды іздеушілер мен Одақтың жұмыс берушілеріне) аумағында жұмыс іздеу және персоналды іріктеуді жүзеге асыру талап етілетін бір немесе бірнеше мүше мемлекетті таңдау, ұлттық ақпараттық жүйелерге әмбебап іздеу сауалын қалыптастыру, бос орындар мен түйіндеме бойынша ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі, сондай-ақ интерактивті өзара іс-қимыл мүмкіндігі ұсынылады.

Жоба ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер азаматтарының жұмысқа орналасуын және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін цифрлық экожүйе қалыптастыру бөлігінде ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі шеңберінде іске асырылды.

Жүйені ендіру нәтижесінде Одақтың еңбек нарықтарының өзара іс-қимылы кеңеюде. Мәселен, Одақ азаматтары үшін өз елінің аумағында да, «бестік» елдерінің аумағында да жұмысқа орналасу үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болады; жұмыс берушілер үшін – бұл персоналды іздеу алаңдары тізбесінің кеңеюі; мүше мемлекеттер үшін – ЕАЭО еңбек нарығын дамытудың замани әрі тиімді цифрлық құралдарын ендіру.

«Шекарасыз жұмыс» жобасына ЕАЭО-ға қатысушы бес елдің қазірдің өзінде қолданыстағы жүйелері мынадай құрамда қатысады: Армения Республикасынан – жұмыс іздеу және персоналды іріктеу жөніндегі «Горц» ақпараттық жүйесі, Беларусь Республикасы тарапынан – Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің ақпараттық порталы, Қазақстан Республикасынан – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Электрондық еңбек биржасы, Қырғыз Республикасынан – Еңбек және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек нарығы ақпараттық жүйесінің «Жұмыспен қамту» ақпараттық порталы, Ресей Федерациясынан – «Ресейдегі жұмыс» ақпараттық талдау жүйесі, жалпыресейлік бос орындар базасы.

 

Мүше мемлекеттердің жобадағы ақпараттық жүйелері біріздендірілген іздеу интерфейсі арқылы өзара іс-қимыл жасайды.

 

«Шекарасыз жұмыс» жобасының ерекшеліктерінің бірі — онда базаларды біріктірмей бөлінген архитектура пайдаланылады, оған бос орындар мен түйіндемелер бойынша ақпаратқа қажетті қолжетімділікті қамтамасыз ететін технологияны қолдану есебінен қол жеткізіледі, ең бастысы – дербес деректерді қорғау туралы заңды сақтауға мүмкіндік береді, өйткені ақпаратты трансшекаралық беру мен сақтау орын алмайды.

Тұтастай алғанда, жоба төрт кезеңнен тұрды: 1-кезең «жұмылдыру», 2-кезең – «қадамдастыру», 3-кезең – «әзірлеу және іске қосу», 4-кезең – «мониторинг және даму».

Жоба бойынша барлық жұмыс пен іс-шара 2020 жылғы желтоқсанда аяқталды. Пандемияға байланысты күрделі жағдаятқа қарамастан, жобаны белгіленген мерзімде іске асыруға қол жетті. Атап айтқанда, ол басталған сәттен бері барлық ұйымдастыру іс-шарасы орындалды, типтік бағдарламалық қамтылым жасалды, Одақтың барлық бес елінде интеграциялық жұмыстар жүргізілді, тестілеудің барлық түрі өткізілді, барлық ұлттық компоненттің қатысуымен жүйені тәжірибелік пайдалану жүзеге асырылды. Бағдарламалық қамтылым толығымен жұмысқа қабілетті және өнеркәсіптік пайдалануға қосу үшін дайын.

«Қазір «Шекарасыз жұмыстың» типтік бағдарламалық қамтылымы мен API әдістерін елдерге беруді заңи ресімдеу аяқталып келеді, таяу уақытта Одақтың барлық елінде «Шекарасыз жұмыс» жүйесін өнеркәсіптік пайдалану үшін іске қосу жүзеге асырылатын болады», — деді Айнұр Жетпісова.

«Шекарасыз жұмыс» біріздендірілген іздеу жүйесі» жобасы ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның цифрлық бастамаларды басқару офисі іске асырған алғашқы жоба болып табылатынын атап өткен жөн.​