Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей
Лавровты Дипломатиялық қызметкер күнімен құттықтады.
«Бүгін Сіздің аса көрнекті
дипломатиялық талантыңызды, халықаралық аренадағы қажырлы беделіңізді, Сіздің
бейбітшілікті сақтау, тұрақтылықты нығайту және Еуразиялық интеграция идеясын кеңінен
ілгерілету жолында толық қайтарыммен жұмыс істеуге әзір екеніңізді атап өту
айрықша сүйінішті», — делінген құттықтау хатта.
Михаил
Мясникович Сергей Лавровқа және Ресей
сыртқы саясат қызметінің барлық қызметкеріне жаңа кәсіби табыстар, мықты
денсаулық және ізгі игіліктер тіледі.