Жүйеге кіру
Одақтың фармацевтикалық саласы тұрақты даму барысында

Одақтың фармацевтикалық саласы тұрақты даму барысында

09.09.2019

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Өнеркәсіптік саясат департаменті соңғы бес жыл ішіндегі фармацевтикалық саланың дамуының әлемдік трендтерін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерде фармацевтикалық өнімді өндіру көлемін және ішкі сауда мен үшінші елдермен сауда шеңберіндегі осы бағыт бойынша Одақ елдерінің экспорттық-импорттық операцияларын талдады.

Осылайша, 2018 жылы дәрілік заттардың әлемдік нарығының көлемі 1,174 млрд АҚШ долларды құрады. ЕАЭО нарығының әлемдегі үлесі 2,6% құрайды.

Әлем нарығының 2021 жылға дейін одан әрі өсуі жыл сайын 5% көлемінде болжалады. Нарықтағы көшбасшы позициясында АҚШ, Жапония, Германия, Швейцария және Ұлыбритания сияқты елдер тұр.

ЕАЭО мүше мемлекеттерінің аумағында 2018 жылы барлығы 9 243 млн АҚШ долларға фармацевтикалық өнім өндірілді, бұл ретте Ресей Федерациясына бүкіл көлемнің 90,8%, Беларусь Республикасына – 6,5%, Қазақстан Республикасына – 2,4%, Армения Республикасына – 0,2%, Қырғыз Республикасына – 0,04% келеді.

Арменияның фармацевтикалық саласы аса белсенді дамып келеді. Қалған елдер соңғы үш жыл ішінде ақша қатынасындағы өндірістің жылына орташа есеппен 2-4%-на тұрақты баяу өсімін көрсетті.

Одақтың фармацевтикалық саласының тұрақты дамуын 2018 жылы үшінші елдерден импорт көлемінің төмендеуі, сондай-ақ өзара саудадағы тауарайналымын жоғарылату куәландырады.

Одақ елдерінің сыртқы саудадағы негізгі әріптестері АҚШ, Германия, Швейцария, Франция, Үндістан, Италия, сондай-ақ Грузия, Тәжікстан және Өзбекстан болды.

Комиссияның өнеркәсіптік саясат департаменті өнеркәсіптік ынтымақтастық үшін басым секторы ретінде фармацевтикалық өнімді өндіру нарығының жағдайын тұрақты негізде мониторингтейді.

Толығырақ экспресс-талдаудан оқыңыз.