Жүйеге кіру
Үкіметаралық кеңес отырысы қарсаңында ЕАЭО елдері делегациялары басшыларының Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесуі болып өтті

Үкіметаралық кеңес отырысы қарсаңында ЕАЭО елдері делегациялары басшыларының Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесуі болып өтті

IMG03033.jpg
09.08.2019

9 тамызда Чолпон-Атада (Қырғызстан) Еуразиялық үкіметаралық кеңес (ЕҮАК) отырысы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен болған кездесуге қатысты. Іс-шараға сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері делегацияларының басшылары қатысты.

Мемлекет басшысы қатысушылардың барлығын Одақ туралы шартқа қол қойылуының 5 ж
ылдығымен және Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдығымен құттықтады. «Осы уақыт ішінде ЕАЭО күшті де тиімді интеграциялық бірлестік болды. Тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын іске асыру жөнінде бірлескен шаралар қабылдануда. Өзара және сыртқы сауда көлемі біртіндеп өсіп келеді. ЖІӨ өсімі 2018 жылы тұтастай Одақ бойынша 2,5% құрады»,- деп атап өтті Сооронбай Жээнбеков.

Ол Одақтың халықаралық қызметі әлемдік аренада тартымды бола түскенін атап көрсетті. Сауда-экономикалық қатынастар мен ынтымақтастықтың географиялық картасы кеңейе түсуде. Қытаймен және Иранмен келісімдерге қол қойылды. Вьетнаммен еркін сауда аймағы тиімді жұмыс істеуде. Израильмен, Сингапурмен, Сербиямен, Үндістанмен және Мысырмен келіссөздер белсенді түрде жүргізілуде. Бірақатар ірі өңірлік бірлестіктермен ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылды.

Сооронбай Жээнбеков атап өткендей, Еуразиялық экономикалық одақ тарихи дамуының маңызды кезеңінде тұр. Күш-жігерді интеграциялық байланыстарды одан әрі нығайтуға, тосқауылдарды жою мен бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасауға, сондай-ақ экономикаларды түзеу үшін қаржылық институттар құруға бағыттау қажет. Кооперациялық байланыстарды кеңейтуді, ресурстық әлеуетті нығайтуды және инновациялық процестерді ынталандыруды жалғастырған жөн.

Қырғызстан Президенті Одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді тиімді жою үшін Комиссияға өкілеттіктер беру қажеттігіне де назар аударды. Ол сонымен бірге маңызды мәселелердің бірі - кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтері болып табылатындығын атап өтті.

Президент Сооронбай Жээнбеков атап өткендей, отырыстың күн тәртібі толымды әрі өзекті.

Бүгін қабылданатын шешімдер ЕАЭО мақсаттарын практикалық іске асыруға қосымша серпіліс береді.