Жүйеге кіру
ЕАЭО техрегламенттердің талаптарына сай келмейтін өнім туралы деректермен алмасу жүйесін іске қосуға дайындауда

ЕАЭО техрегламенттердің талаптарына сай келмейтін өнім туралы деректермен алмасу жүйесін іске қосуға дайындауда

09.07.2019
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Армения Республикасымен, Беларусь Республикасымен және Қырғыз Республикасымен бірлесіп Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріндегі техникалық регламенттер талаптарының сақталуына жауапты бейінді ведомстволар арасында деректермен алмасуды кешенді тестілеу өткізді. Тестілеу кезінде бұл елдерде кең жайылған ақпараттық жүйелер және ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесі іске қосылды.
Ақпараттық өзара іс-қимылды тексеру ЕАЭО-нығ техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі пилоттық жобаны игерісу шеңберінде өтті. Мұндай жүйе, кейіннен бұл ақпаратты кез келген мүдделі тұлғаларға бере отырып, Одақ аумағында қауіпсіз емес өнім айналысының анықталған жағдайлары туралы хабардар ету үшін тиісті мемлекеттік қызметтер мен ведомстволардың қатысуымен ортақ ақпараттық ресурстарды құруды бағамдайды.
Жоба техрегламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) тиімділігін арттыру және мүше мемлекеттердің техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдарының өзара іс-қимыл механизмін тестілік режимде игерісу мақсатында іске асырылады.
Бірінші кезеңде: «Төменгі вольтті жабдықтың қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 004/2011), «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 007/2011), «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 008/2011), «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 018/2011), «Сүт және сүт өнімінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 033/2013), «Ет және ет өнімінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 034/2013) алты техникалық регламент үшін өнімнің сәйкессіздік жағдайларын анықтауды істеп шығу жоспарлануда.
Пилоттық жобаның нәтижелері бойынша хабардар ету жүйесін пайдалану ЕАЭО-ның басқа техникалық регламенттеріне де қатысты қолданылуы мүмкін.
Анықтама
ЕАЭО ТР талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі пилоттық жоба ЕЭК Алқасының 2018 жылғы 10 мамырдағы № 74 Шешіміне сәйкес іске асырылуда.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі өзара іс-қимылының уақытша тәртібі ЕЭК Алқасының 2018 жылғы 12 қарашадағы № 182 Шешімімен бекітілген.