Жүйеге кіру
Иннополистегі ӨРЦИ-2018 Еуразиялық цифрлық кросс-салалық кооперациялардың үлгісі ұсынылды

Иннополистегі ӨРЦИ-2018 Еуразиялық цифрлық кросс-салалық кооперациялардың үлгісі ұсынылды

09.06.2018

ЕАК ұйымдастырған «Біріккен цифрлық жобалар арқылы ЕАЭО цифрлық қаралатын мәселелер тізімін іске асыру» панельдік сессиясында сөз сөйлеу барысында, Еуразиялық экономикалық комиссиясының (ЕЭК) ішкі нарықтар, ақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Карине Минасян: «Бізге ЕАЭО-тың қосымша құнды, кросс-салалық цифрлық экожүйелерді құру және бизнесті цифрлау процестерін және мемлекеттік органдарды біріккен жобалар арқылы синхрондау біріккен тізбегін дамыту үшін цифрлық кооперацияның жаңа үлгілері қажет. Конференция шеңберіндегі біздің міндетіміз - осындай үлгіні жасап шығару және ұсыну», - деп ерекше басып айтты. Іс-шара Иннополисте (Ресей) «Өнеркәсіптік Ресейдің цифрлық индустриясы» конференциясының шеңберінде өтті. Панельдік сессияға Комиссия министрлері Карине Минасян, Вероника Никишина және Сергей Сидорский қатысты.

Пікірталастың бірінше бөлігі цифрлық өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және ЕАЭО кеңістігіндегі біріккен цифрлық жобаларға арналды, соның ішінде цифрлық платформалар мен экожүйелер құру арқылы. ЕЭК өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Сергей Сидорский атап өткендей, «мұндай цифрлық өнеркәсіптік платформаларды құру өнеркәсіптік кооперациялардың көлемін, өзара жеткізілімдерді және инвестицияларды арттыру және дамытуға мүмкіндіктер береді.
Пікірталастың екінші бөлімі ЕАЭО кеңістігінде электронды сауданы дамытуға арналды. «Сауданың цифрлық кеңістікке өтуі - осы жерде және қазір қалыптасып жатқан шындық. Бұл процесс Одақ шеңберінде барынша сәйкестендірілген және жалпы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ережелер бойынша өтуі аса қажет», - деп есептейді ЕЭК сауда жөніндегі министрі Вероника Никишина.
Пікірталастың үшінші бөлімінің шеңберінде, Ресей бизнесінің және мемлекеттік органдардың өкілдері ЕАЭО-тың іске асыруы мүмкін бірқатар жобаларды ұсынды.

Іс-шараның модераторы, ЕЭК цифрлық трансформация жөніндегі жобасының жетекшісі Александр Петров, тақырыпты бизнес өкілдерімен және сарапшылармен талқылау барысында, бүгінгі таңда сартап үлгілер және процестерімен біріккен жобалар, жылдам өсіп келе жатқан тауашалы және инфрақұрылымдық цифрлық платформалық жобалар, сондай-ақ екі және үш жақты трансшекаралық кооперациялық жобалардың қатарласып келетіндігін айтып өтті. Оларды қалай «қиыстыруды» түсіну маңызды.

Өнеркәсіпті дамыту қорының директорының орынбасары Владимир Распопов, «NADLoC» Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі Ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Дмитрий Усов, және Белоруссиялық Кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсету қорының бас директоры Петр Арушаньянц цифрлық кооперацияның үлгісін өнеркәсіптік кооперацияның еуразиялық желісін құру және технологиялардың субконтрактациясы және трансфері жөніндегі жобаны дамыту тұрғысынан талқылады. Олар еуразиялық консорциумды таныстырды, оның құрамына сондай-ақ Технологиялық даму агенттігі (Ресей), Қазан инновациялық аумақтық-өндірістік кластері (Ресей), «Газпромбанк» Тобының электронды сауда алаңы (Ресей), Белоруссиялық Кәсіпкерлерге қаржылық қолдау қоры, Беларусь Республикасының Экономика министрлігі, Армения Республикасының Экономикалық даму және инвестициялар министрлігі.
Владимир Распопов айтып өткендей: «Екі құрауыш платформада түйісуі тиіс: тапсырыс берушінің қажеттілігі ресурсты барынша верификацияланатын ұсыныспен алу және өндірушінің тарапынан - барынша толық және әртүрлі сұраныстың болуы. Әкімшілік емес, жанды бизнес - ЕАЭО кеңістігінде әзірше әртекті өнеркәсіптік сервистерді шоғырландыру және кооперацияны дамытуға қызығушылық қажет».

Дмитрий Усов және Петр Арушаньянц, жобаға Одақ елдерінің бірнеше мың кәсіпорындары әлдеқашан қосылғандығын хабарлады.

Тауардың цифрлық бақылануы - ЕАЭО әлдеқашан іске асырылып келе жатқан басқа біріккен жоба болып табылады. Ол бойынша пилоттық жобаларды іске асыру әзірленіп жатыр. Мұндағы жобаланатын цифрлық платформа, сөзсіз, өнеркәсіптік кооперацияда талап етілетін болады. Қос жоба да бірдей деректердің эталондық үлгілеріне және базалық ресурстарға сүйенулері тиіс. Сандық бақыланушылық жобасы, тауардың цифрлық бейнесін, оның тіршілік циклі туралы ақпаратты қамтитын тауарлар туралы еуразиялық цифрлық ресурстарды құруға, мемлекеттік сатып алу платформасының жұмысын оңтайландыруға, жосықсыз өндірушілер және сатушылармен күресті күшейтуге, сондай-ақ тұтынушылардың өнімге деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді деп болжамдалады.

«Бүгінгі күні, таңбаланған тауарлардың бақыланушылығының ақпараттық жүйесі Одақтағы сенім кеңістігін құрудың ең тиімді механизмі болып табылады. Құрылатын жүйенің жалпы бағыттылығы - қатарлас ақпараттық жүйелерді құрмай, әртүрлі тауар топтарына экстраполяциялау. Дегенмен, мұндай әмбебап ақпараттық платформаны құру, тек ЕЭК, мемлекеттік органдар және Одақ мемлекеттерінің бизнес-қоғамдастық өкілдерінің табысты біріккен жұмысының нәтижесінде ғана мүмкін болады», - деп мәлімдеді Вероника Никишина.

Пікірталас қатысушылары айтып өткендей, платформалардың интеграциялануына базалық элемент ретінде ЕАЭО электронды цифрлық қолтаңбаны мойындауы жетіспейді. Сонымен қатар, деректер айналымын реттеуге біріккен амалдарды қолдану қажет.

Цифрлық кооперацияның тағы бір үлгісі, әртүрлі компаниялардың сервистерін өндірістік және өткізу тізбектерінің айналасында біріктіруге мүмкіндік беретін нарықтың жекелеген сегменттерінде цифрлық экожүйелерді тұрғызумен байланысты. Көлік саласы және цифрлық көлік дәліздерін құру жөніндегі жобаның байланысын, «Каркоин» ЖШҚ бас директоры Иван Пекшев таныстырды, ол ЕАЭО барлық көлік түрлеріне аралық техникалық қызмет көрсету және жөндеу платформасын құру және интеграциялау мүмкіндігін көрсетті.

Цифрлық кооперацияның халықаралық аспектісін және Одақ ішіндегі кооперация платформаларының үшінші елдермен әрекеттесуге арналған платформалармен интеграциялану мүмкіндіктерін талқылау үшін, пікірталасқа Ресей-Сингапур іскерлік кеңесінің өкілі Сергей Пронин арнайы шақырылды. Ол ЕАЭС елдерінен «RSTrade» В2В платформасының сыртқы экономикалық қызметінің сервистері арқылы жаңа нарықтарға шығу үлгісін көрсетті. Ұсынылған платформа жоғары технологиялық экспортты ілгерілетуге арналған және әлдеқашан Сингапур, ҚХР, Индонезия, Үндістан, Жаңа Зеландия және Малайзияның ұқсас платформаларымен интеграцияланып келеді.

Цифрлық платформаның инфрақұрылымын «Интегра-С» өкілі Андрей Любицкий таныстырды.

«Цифрлық кооперация - бұл тек қана В2В-әрекеттесу ғана емес, бұл сонымен қатар мемлекет пен бизнес арасындағы диалог», - деп атап көрсетті «Цифрлық платформалар» қорының бас директоры Владимир Румянцев. Ол цифрлық комплаенс және алгоритмдік реттеуге өтуді қамтамасыз ету бойынша перспективті бағытты көрсетті, бұл технологиялық дамудың қисыны мен деңгейі бойынша салыстырылатын реттеушілердің, цифрлық платформалардың және экожүйелердің қызметін жөнге келтіруге мүмкіндік береді.

Тек сартап үлгілер мен процестерді ғана қолданып қана қоймай, ашық және көп қабатты кооперация құру қажет деген тұжырым, пікірталастың бірінші бөлімінің қорытындысы болды.

«ЕАЭО кеңістігінде электронды сауданы дамыту: ынтымақтастық перспективалары, бизнес үшін артықшылықтары» сарапшылық алаңы шеңберіндегі пікірталастың екінші бөлімі негізгі тақырыптың жалғасы болды. Оның қатысушылары, электронды сауда алаңдарының кооперациясын ескере отырып, өндірушілер және тауарлар (өнімдер) туралы базалық ресурстарды құру үлгісін талқылады.

Қазіргі таңда, мысалы АҚШ немесе Қытайдың, жаһандық цифрлық компаниялары, шағын және орта кәсіпорындарды қоса алғанда, трансшекаралық сауда және өндірушілер мен тұтынушыларға арналған жаһандық деңгейдегі маркетплейсті құру айналасында, бір мезгілде компанияның өзінің резиденттігінің орнын ілгерілете отырып, өздерінің экожүйелерін қалыптастырып жатыр. Мұндай жағдайда, ЕАЭО ортақ нарықтарының бәсекелестік артықшылығы іске қосылмауы мүмкін.

Сауда саясатын іске асыру шеңберінде Комиссия электронды сауданың дамуына аса көңіл бөледі. Ол үшінші елдермен сауда келісімдеріне тиісті ережелерді қамтиды. Мұндай нормалар, әсіресе, Қытай және Вьетнаммен сауда келісімдерде бар.

Пікірталас қатысушылары, сонымен қатар, ЕАЭО шеңберінде бірыңғай сауда экожүйесін құрудың негізгі үлгілерін қарастырды, ол бизнес үшін өзіндік бәсекеге қабілетті сауда ортасын құру міндетін шешуге мүмкіндік беретін еді және теңдей құқықтық бастамада жаһандық сауда экожүйелеріне интеграциялануына болар еді.

«Өзіңіз бен Комиссия арасындағы алаңдардың өзара әрекеттесу форматын таңдап қана қоймай, сонымен қатар Одақтың үшінші елдермен келісім жасау құралдары арқылы электронды алаңдарды ілгерілетуді қамтамасыз ету қажет болады. Сонымен қатар, орын алған объективті тәуекелдерді бақылауға алу, мысалы, орналастырылатын ақпараттың деректілігін қамтамасыз ету қажет», - деп мәлімдеді Вероника Никишина.

Бірінші үлгі, ЕЭК құрастырылатын және ашық қолжетімділікте ұсынылатын цифрлық ресурстарды пайдаланатын, қолданыстағы электронды алаңдардың интеграциясы арқылы құрылады. Қырғызстан, Қазақстан және Ресей электронды сауда алаңдарының интеграциясы бойынша пилоттық бастама осындай үлгінің мысалы болды. Бұл жобаны Турат Булембаев («Qoovee»), Сардор Мухамедалиев («ZOODEL») және Анна Нестерова («Глобал Рус Трейд») таныстырды. Бұл кооперация халықаралық нарықта талап етілген, себебі бұл компаниялардың әрқайсысында, соның ішінде Оңтүстік-Шығыс Азияның перспективті аймағында ауқымды халықаралық желі құрылады.

Екінші үлгі алаңдарды стандарттауға және осы алаңдарға бизнесті тарту бойынша шараларды жасап шығаруға мүмкіндік береді.

Пікірталас, үлгілердің қайсысы үздік деген сұраққа ақырғы жауабын берген жоқ. Оның қатысушылары, бизнесті электронды сауданы дамытуға ынталандыру, халықаралық стандарттармен интеграцияланатын электронды коммерцияның сервистерін дамыту қажет деген тұжырымға келді.

Бұдан бөлек, РХШжМҚА ЭЫДҰ Ресей құзыреттер және стандарттарды талдау орталығының ғылыми қызметкері Александра Коваль атап көрсеткендей, ЕАЭО электронды сауда алаңдарын және электронды коммерцияны қолдау бойынша жұмыстың, олардың дамыту үшін маңызды бағыты реттеуіштік кедергіні жою болып табылады, олардың ішінде - алаңдарды басқару, валюталық операциялар және басқалар.

Электронды сауда алаңдары қауымдастығының атқарушы директоры, деректер негізінде электронды алаңдарды дамыту және нарық жағдайын болжауларды басқару мүмкіндіктерін көрсетті.

Конференцияның бірінші күнінің сессиялары кросс-салалық цифрлық кооперацияның ықтимал үлгілерін, өнімді экожүйені қалыптастыру үшін кооперацияның және Комиссияның және Одақ елдерінің мүдделі тараптарының келесі қадамдарының үлгілерін жобалау үшін, бірігіп талқылауды жалғастыру қажеттілігі туралы тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді.

«Кез-келген кооперация – ең алдымен, командалық оқиға, мұндағы әркімнің тиімділігі ортақ міндеттерді шешудің синергетикалық нәтижесінде бірнеше мәрте ұлғаяды», - деп тұжырымдады Карине Минасян.


Еуразиялық экономикалық комиссия, «Ростех» корпорациясының бас директоры Сергей Чемезовтың ұсынысы бойынша 6-8 маусымда Иннополисте (Ресей) өткен «Өнеркәсіптік Ресейдің цифрлық индустриясы» (ӨРЦИ-2018) конференциясында стратегиялық әріптесі болды.

ӨРЦИ-2018 шеңберіндегі іс-шаралар ЕАК ішкі нарықтар, ақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар блогі, сауда блогі, өнеркәсіп және агроөнеркәсіп блогі департаменттерінің өкілдер командасымен дайындалды.