Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің Жеңістің 75 жылдығымен құттықтауы

ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің Жеңістің 75 жылдығымен құттықтауы

9 мая фб.png
09.05.2020

Құрметті әріптестер, достар!

Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

9 мамыр - Еуразиялық экономикалық одақ елдері тарихындағы өшпес күн. Біздің бәріміз үшін қасиетті осынау мерекеде Отанды қорғап қалған, фашизмнен әлемді құтқарған әкелеріміздің, аталарымыз бен ұлы аталарымыздың алдында бас иіп, миллиондаған қаза тапқан адамдар рухына тағзым етеміз.

Бұл жеңіс - біздің халықтарымыздың мұқалмас ерік-жігері мен ерлігінің, иін тірестіре жүріп өз шаңырағын жаудан қорғай білуінің, ең ауыр сынақтарды бірлесіп еңсеруінің жарқын мысалы. Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолында біздің бұл ортақ тарихи мұрамыз берік негіз болып саналады.

Ата-бабаның өшпес ерлігін құрмет тұтатын ардақты ардагерлерге және олардың ұрпақтарына шын жүректен мықты денсаулық, мол игілік және бейбіт аспан тілеймін.

 

Жеңіс күнімен!

ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович​