Жүйеге кіру
«Машиналар мен жабдықтың қауіпсіздігі туралы» техрегламентке қатысты стандарттардың тізбесі өзектілендірілді

«Машиналар мен жабдықтың қауіпсіздігі туралы» техрегламентке қатысты стандарттардың тізбесі өзектілендірілді

09.03.2021

Еуразиялық  экономикалық комиссия Алқасы 9 наурызда «Машиналар мен жабдықтың қауіпсіздігі туралы» техрегламентке қатысты стандарттардың тізбесін жаңартты.

Ерікті негізде қолдану нәтижесінде техрегламент талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін стандарттар  тізбесі 1 300 стандартты кірістіреді, олардың 1128-і – мемлекетаралық стандарт, 34-і – Беларусь Республикасының мемлекеттік стандарты, 5-і – Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты және 133-і – Ресей Федерациясының ұлттық стандарты.

Әдістерге арналған стандарттар  тізбесі 1 150-ге тарта  стандартты кірістіреді, олардың 957-сі – мемлекетаралық стандарт, 36-сы – Беларусь Республикасының мемлекеттік стандарты және 156-сы – Ресей Федерациясының ұлттық стандарты.

Өзектілендірілген стандарттар тізбесін қолдануға бейімделу, сондай-ақ сәйкестікті бағалау органдарын аккредиттеу үшін шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.

ЕЭК стандарттар  тізбесін Одақ елдері мемлекеттік органдарымен бірлесіп,  сарапшылардың және бизнес өкілдерінің қатысуымен әзірледі. Олар ЕАЭО елдерінде әзірленген және қолданысқа енгізілген мемлекетаралық стандарттардың жаңа версияларын ескереді.

Кірістірілген стандарттардың үлкен бөлігі  халықаралық (ISO мен IEC) және  өңірлік (EN) стандарттардың негізінде әзірленген.  Бұл халықаралық нормалармен үндестіруді және машиналар мен жабдықтың сәйкестігін бағалауға орай бірыңғай қағидаттар белгілеуді қамтамасыз етеді.​