«Бұл өнім қолданылатын негізгі салалар
сантехника мен жылу
алмастырғыштар өндірісі, автомобиль жасау, тамақ өнеркәсібі, мұнай-химия және атом
саласы, жиһаз өндірісі мен инфрақұрылым құрылысы болып табылады», — деп атап өтті Комиссияның сауда
блогында.
ЕЭК Алқасының шешімі ресми жарияланған
күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Анықтама
ҚХР-дан әкелінетін дәнекерленген құбырларға және пішімдерге
қатысты демпингке қарсы
тергеп-тексеру «ТМК-Инокс»,
«Марчегалия РУ», «Балтинокс» компаниялары берген және «Техно Трейд» ЖШҚ
қолдаған арызды қарау нәтижелері бойынша 2019 жылғы 24 желтоқсанда басталды.
Тергеп-тексеру
барысында алынған ақпарат ҚХР-дан әкелінетін тауардың демпинг импорты және мүше
мемлекеттердің экономикасы саласына материалдық нұқсаны бар екендігі туралы
қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша ЕЭК
сайтында 2020 жылғы қарашада Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы
жарияланды.