Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Иранның Ислам Кеңесі Меджлисінің Төрағасы Мохаммад Багер Галибафпен кездесу өткізді

ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Иранның Ислам Кеңесі Меджлисінің Төрағасы Мохаммад Багер Галибафпен кездесу өткізді

IMG_9497.jpeg
09.02.2021

Кездесу шеңберінде көпжақты өзара іс-қимыл мен сауда-экономикалық күн тәртібінің өзекті мәселелері сөз болды. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін Уақытша келісімді іске асыру, еркін сауда туралы келісім жөніндегі келіссөздерді бастау, сондай-ақ тұтастай ынтымақтастықты қарқынды ету жолдары талқыланды.

«ЕАЭО елдері мен Иран арасындағы қалыптасқан ойдағыдай практиканы және дәстүрлі достық қатынастарын ескере отырып, біздің жұмысымыздың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға көмектесетін жаңа тәсілдемелерді тұжырымдаған маңызды», — деп атап көрсетті Михаил Мясникович.

Өз кезегінде Мохаммад Багер Галибаф Одақтың уақытылы құрылғанын және оның әлемдегі өскелең беделін атап өте келіп, Иранның ЕАЭО-мен толық ауқымды ынтымақтастыққа терең мүдделі екендігін білдірді.

Кездесу барысында оған қатысушылар инвестициялық ынтымақтастықтың, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы кооперацияның нәтижелері мен перспективалары туралы пікір алмасты, өзара есептесулерді қамтамасыз ету және COVID-19 пандемиясынмен күрес мәселелерін сөз етті. ЕАЭО елдері мен Иран арасындағы тауар айналымына да, сол сияқты бүкіл үлкен Еуразия өңірінің көлік байланыстылығы деңгейін арттыруға да оң ықпалын тигізуге қабілетті көлік-логистика жобаларына жеке назар аударылды.

Кездесуге сондай-ақ Иран Ислам Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Казем Джалали, Иран Меджлисінің депутаттары, Комиссия тарапынан — Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Андрей Слепнев қатысты.

Анықтама

Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін Уақытша келісімге 2018 жылғы 17 мамырда қол қойылды және 2019 жылғы 27 қазанда күшіне енді.

2020 жылғы 11 желтоқсандағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшылары Иранмен еркін сауда аймағы туралы келісім жөніндегі келіссөздерді бастау жайында шешім қабылдады. Қазір алғашқы консультацияларға дайындық жүруде. Еркін сауда туралы келісім жөніндегі жұмыс 2019 жылғы 27 қазаннан бастап үш жыл ішінде аяқталуға тиіс.​