Жүйеге кіру
Зергерлік бюро Еуразиялық экспорттаушыларды қолдайды

Зергерлік бюро Еуразиялық экспорттаушыларды қолдайды

Арутюнян_Junwex_04.02.21.jpg
08.02.2021

Санкт-Петербургте XXIX халықаралық JUNWEХ зергерлік көрмесінде Еуразиялық экономикалық комиссия «ЕАЭО шеңберінде зергерлік саласындағы келісімді іске асыру перспективалары. Еуразиялық зергерлік сарапшылық бюро құру. Зергерлік бұйымдардың электрондық саудасын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

ЕЭК-тің Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Тигран Арутюнян іс-шараға қатысушылармен бірге Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің зергерлік өнімдері экспортын қолдаудың және зергерлік бұйымдардың ортақ нарығын құрудың бірлескен шараларын талқылады. Мүше мемлекеттердің Еуразиялық зергерлік сарапшылық бюро құру және Еуразиялық даму банкімен бірлесіп әшекейлердің электрондық саудасы саласында пилоттық жоба жасау жөніндегі бастамалары қаралды.

«Біз Еуразиялық зергерлік сарапшылық бюроның әкімшілік рәсімдерді жетілдіру және өнім сапасын арттыру жөніндегі міндеттерді шешудегі үлкен әлеуетін көріп отырмыз. Бюроның ерікті сертификаттау жүйесін қалыптастыру және бірыңғай бренд жасау есебінен біз Одақтың оң бейнесін нығайтамыз, сондай-ақ аса белгілі емес өндірушілердің өнімін үшінші елдердің нарығына экспорттау мүмкіндігін кеңейтеміз. Бюроның сертификаттауын халықаралық сапа стандарты ретінде тану біздің жұмысымыздың түйінді мақсаты болуға тиіс», — деп мәлімдеді Тигран Арутюнян.

Көрмеде болу барысында Тигран Арутюнян «Петербургтің тануы» зергерлік конкурсы қатысушыларымен танысты, зергерлік компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер ұйымдастырды.

Аса ірі салалық JUNWEX медиа-холдингімен келіссөздердің қорытындысы бойынша Еуразиялық зергерлік сарапшылық бюро мүшелеріне холдингтің көрмелік-жарнамалық іс-шараларына қатысу үшін артықшылықтар жасау туралы қағидатты уағдаластыққа қол жетті.

Анықтама

JUNWEХ көрмесінің 30 жылға жуық тарихы бар. Ресейдің және Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерін қоса, басқа да елдердің жетекші компаниялары өздерінің таңдаулы бұйымдарын: зергерлік әшекейлерді, сағаттарды, үстел приборларын, өкілдік және кәдесый өнімдерін, көркем қару-жарақты және көптеген басқа нәрселерді көрсетеді. JUNWEX TECH технологиялары мен зергерлік жабдықтары көрмесі дербес экспозиция құрайды. Көрме шеңберінде «Петербургтің тануы» бүкілресейлік зергерлер конкурсы өтеді.​