Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті

ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті

08.12.2016

8 желтоқсанда Кремльде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті.

Тараптар Еуразиялық интеграцияны дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Ресей Президенті ЕЭК Алқасының Төрағасы өз жұмысында ілгерілетіп отырған ұсыныстарды қызықты әрі перспективалы деп атады. Владимир Путиннің айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберіндегі уағдаластықтар тауарлардың, капитал мен адамдардың еркін қозғалысы, сондай-ақ Одақ елдерінің бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін негіз болып табылады.

Тигран Саркисян Ресей Президентіне оның Еуразиялық экономикалық одаққа ерекше көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтты: «Бүгін мен Сізге бірнеше қағидаттық мәселелерді ұсынғым келеді, оларды шешу, менің ойымша, интеграцияны тереңдетуді ынталандыра алады. Бұдан барлық елдер ұтады, деп ойлаймын».

Кездесуге қатысушылар 26 желтоқсанда Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының күн тәртібін талқылады. Осыған орай ЕЭК Алқасының Төрағасы: «Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына шамамен 25 мәселе дайындалды. Олардың барлығы өте елеулі әлеуетті, соның ішінде елдеріміздің экономикалық өсуін ынтыландыру үшін елеулі әлеуетті қамтиды», - деп атап өтті.

Владимир Путин жаңа Кеден кодексінің қол қойылуына назар аудартты: «Біздің алдымызда Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа Кеден Кодексін бекіту жұмысы тұр, бұл, менің ойымша, біздің бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру жолындағы аса маңызды кезең болып табылады».