Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Адамкул Жунусов пен Моңғолияның Жолдарды дамыту және көлік министрі Дангаа Ганбат көлік саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары мен бағыттарын талқылады

ЕЭК министрі Адамкул Жунусов пен Моңғолияның Жолдарды дамыту және көлік министрі Дангаа Ганбат көлік саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары мен бағыттарын талқылады

08.12.2016

7 желтоқсанда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Адамкул Жунусовтың Моңғолияның Жолдарды дамыту және көлік министрі Дангаа Ганбатпен кездесуі болып өтті.

Адамкул Жунусов Комиссияның көлік саласындағы интеграцияны дамыту жөніндегі қызметі туралы, қабылданған құжаттар, іске асырылып жатқан жобалар мен келешекке арналған жоспарлар туралы хабардар етті. 2015 жылғы 17 маусымда қол қойылған, Еуразиялық экономикалық комиссия мен Моңғолия Үкіметі арасындағы меморандумды іске асыру шеңберінде тараптар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту негіздері ретінде көлік дәліздерін қалыптастыруға айрықша көңіл бөлінді.

Өз кезегінде, Ганбат мырза Моңғолияда инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтып берді. Сонымен қатар көлік дәліздерін дамыту, автомобиль және теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелері бойынша практикалық өзара іс-қимылға көшуге мүмкіндік беретін бірлескен құжатты дайындауды бастау ұсынылды.

Адамкул Жунусов моңғолдық әріптесінің бастамасын қолдады.

Кездесу қорытындылары бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту әрі жандандыру маңыздылығын атап өтті.

Кездесуге Моңғолияның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Банзрагч Дэлгэрмаа ханым да қатысты.