Жүйеге кіру
Еуразиялық комиссияда көлік және инфрақұрылым саласындағы стратегиялық құжаттар келісілді

Еуразиялық комиссияда көлік және инфрақұрылым саласындағы стратегиялық құжаттар келісілді

08.12.2016

7 желтоқсанда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Адамкул Жунусовтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көлік саласындағы уәкілетті органдары басшыларының бесінші кеңесі болып өтті.

«Біздің жыл сайынғы кездесулеріміз жақсы дәстүрге айналды әрі көлік және инфрақұрылым саласындағы интеграцияны дамытудың анағұрлым өзекті проблемалары бойынша ымырашыл шешімдер табуға мүмкіндіктер береді, - деп баса айтты Адамкул Жунусов.

Отырыста Еуразиялық экономикалық интеграция мен Жібек жолының Экономикалық белдеуін ұштастыру шеңберінде өзара іс-қимыл және инфрақұрылымдық жобалар салаларының тізбесі бекітілді. Бұлар – көлік және инфрақұрылым саласындағы 40-тан астам жоба.

«ЕАЭО елдерінен түскен ұсыныстар Қытай – Еуразиялық одақ – ЕО және ілеспелі маршруттар бағыты бойынша толассыз логистиканы жолға қоюға бағытталған. Бұл жобалар бойынша Одақтың әріптес елдерінің басқа да тректер бойынша екіжақты деңгейде еркін ынтымақтаса отырып, бұл ретте Қытаймен бірлесіп келіссөздер жүргізуге барлық негіздері бар», - деп атап айтты Адамкул Жунусов.

Кездесуде негіз құраушы құжат - Көлік саясатының жобасын қарауға айрықша көңіл бөлінді, ол осы жылдың аяғында «бестік» елдерінің президенттеріне ұсынылатын болады. Министрлер құжат жобасы бойынша автомобиль көлігі бөлігінде де, әуе көлігі бөлігінде де барлық қағидаттық келіспеушіліктерді еңсерді. Кездесуге қатысушылар бірыңғай көліктік кеңістікті және көліктік қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығын құруға кедергі жасайтын басты фактор ретінде, Одақ шеңберінде барлық көлік түрлерімен тасымалдарды жүзеге асыру кезіндегі қазіргі шектеулерді жою қажет деген ортақ пікірге келді.

«Қол жеткізілген уағдаластықтар стратегиялық құжат бойынша жұмысты аяқтап, оны практикада іске асыруға көшу үшін жақсы перспективалар туғызады», - деп мәлімдеді Көлік саясаты жобасын талқылауды қорытындылай отырып, ЕЭК министрі.

Бүгінде бейресми негізде орын алып отырған, ЕАЭО елдері бейінді ведомстволарының басшылары өзара іс-қимылының ресми мәртебесін заңи ресімдеу және оны беру мәселесі қаралды. ЕАЭО туралы шарттың көлік саласындағы ережелерін іске асырудың нәтижелерін қарау бойынша өкілеттіктерді бекітіп беру, оның үстіне тұрақты негізде бекітіп беру үшін Одақ туралы шартқа өзгерістер енгізуге бастамашылық жасалады деп бағамдалуда. Сонымен қатар Автомобильмен каботаждық жүк тасымалдары бағдарламасын іске асыру мәселесі талқыланды.

ЕЭК Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишинаның қатысумен өткен кеңесте Ресей Көлік министрлігінің өтініші қаралды. Одаққа әріптес елдердің көлік саласындағы бейінді ведомстволарының басшылары ЕАЭО елдерінің аумағына әуе кемелерін жеңілдікті әкелу мерзімін 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартумен келісті. Келесі жыл ішінде осы мәселе бойынша бұрын қабылданған іс-қимылдар мерзімдерін ұзарту бойынша консультациялар өткізу бағамдалуда.

Кеңеске Армения Республикасының Көлік, байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Ваган Мартиросян, Беларусь Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі Анатолий Сивак, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Қырғыз Республикасының Көлік және жолдар министрі Жамшитбек Калилов, Ресей Федерациясының Көлік министрі Максим Соколов пен Ресей Федерациясы Көлік министрінің орынбасары Валерий Окулов қатысты.

Кеңес қорытындылары бойынша тиісті хаттамалық шешімдерге қол қойылды.