Жүйеге кіру
Мысырмен еркін сауда туралы келісім жөніндегі келіссөздердің төртінші раунды күзде Мәскеуде өтуі мүмкін

Мысырмен еркін сауда туралы келісім жөніндегі келіссөздердің төртінші раунды күзде Мәскеуде өтуі мүмкін

08.09.2020

​​Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепневтің Мысырдың Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ихаб Насрмен кездесуі болып өтті. Тараптар экономикалық қатынастардың ағымдағы күн тәртібі бойынша пікір алмасты және еркін сауда туралы келісім бойынша келіссөз жұмысының мәртебесін сөз етті.

Андрей Слепневтің сөзінше, бұдан бұрынғы раундар ішінде тараптар келісім жобасын келісу процесінде елеулі алға басуға жетті. Атап айтқанда, электрондық сауда, кедендік ынтымақтастық және рәсімдерді жеңілдету, техникалық тосқауылдар саласында уағдаластықтарға қол жеткізілді. Тауарлар саудасы, сондай-ақ санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар мәселелері келісушіліктің жоғары сатысында тұр.

«Бизнеске өзара сауданы арттырып қана қоймай, сонымен бірге үшінші елдердің, бірінші кезекте Африка елдерінің нарықтарына қол жеткізуді кеңейтетін өршіл келісімге шығу қажет. Бұл реттеушілікке де, тарифтерге де қатысты», - деп атап көрсетті министр.

 

Бұл мақсатқа жету үшін Андрей Слепнев пандемияға байланысты үзіліп қалған толық мәнді келіссөздер процесін жаңартуды ұсынды. Бұдан бұрын Мысырдың Сауда және өнеркәсіп министрі Невин Гамеамен тиісті уағдаластыққа қол жетіп, келіссөздердің кезекті раундын Мәскеуде өткізу белгіленген еді. Осыған байланысты Ихаб Наср таяу уақытта Ресей мен Мысыр арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру күтіліп отырғанын атап өтті және келіссөздердің бетпе бет форматта өтуіне ықпал етуге уәде берді. Таяу уақытта Мысыр тарапына тиісті шақыру жіберуге уағдаласты.​