Жүйеге кіру
ЕЭК пен Тынық мұхит альянсы Әріптестік туралы декларацияға қол қойды

ЕЭК пен Тынық мұхит альянсы Әріптестік туралы декларацияға қол қойды

08.07.2019

Комиссия мен Тынық мұхит альянсы жөніндегі негіздемелік келісімнің қатысушы мемлекеттері арасында Әріптестік туралы декларация жасасылғанан кейін Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Татьяна Валовая «ЕЭК пен Колумбияның, Мексиканың, Перудің және Чилидің жас, бірақ екпінді дамып келе жатқан интеграциялық бірлестігі – Тынық мұхит альянсы арасындағы диалогты рәсімдеу - ұзақ уақыт жүргізілген келіссөз процесінің нәтижесі болды және екі құрылымның бірін бірі жақынырақ білуге және неғұрлым тиімді ішкі даму мен барлық мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мақсатында тәжірибе алмасуға деген екі жаққа бірдей мүдделілігін бейнелейді»,- деп мәлімдеді. Құжатқа 5 шілдеде Лимада Тынық мұхит альянсының мемлекет басшылары деңгейіндегі 14-саммиті барысында қол қойылды.

Татьяна Валоваяның пікірінше, «ЕЭК – Тынық мұхит альянсы» диалогының форматы әлемдік экономиканың дамуының өзекті үрдістеріне сай келеді және екі бірлестіктің үкіметтері мен бизнес-қоғамдастықтары арасындағы диалог үшін жақсы инфрақұрылым жасайды. «Жаңа өңірлену – бұл ХХІ ғасырдың тренді және халықаралық байланысу желісін дамыта отырып, ЕАЭО-ның қалыптасып жатқан экономикалық архитектураға үйлесімді түрде жайғасатыны маңызды. Біз қазірдің өзінде АСЕАН-мен, МЕРКОСУР-мен өзара іс-қимыл жасаудамыз, бірқатар басқа да түбірлі бірлестіктермен диалогтың модалдылығын талқылаудамыз»,- деп атап өтті ЕЭК өкілі.

ЕЭК министрі Комиссияның Тынық мұхит альянсымен декларацияны ЕЭК жұмысындағы маңызды меже ретінде қабылдайтынын атап көрсетті, оның үстіне бүкіл Латын Америкасы ЖІӨ-нің 35% астамы альянс елдерінің үлесіне тиеді, ал оған қатысушылардың алдында тұрған интеграцияны тереңдету бөлігіндегі өршіл міндеттер Еуразиялық экономикалық одақтан кем емес.

Лимаға сапар барысында ЕЭК министрінің Перу Республикасының Сыртқы сауда және туризм министрі Эдгар Васкес Веламен, Колумбия Республикасының Сыртқы істер министрі Карлос Холмс Трухильо Гарсиямен, Чили Республикасының Сыртқы істер министрі Теодоро Рибера Неуманнмен жұмыс кездесулері болып өтті. Кездесулер барысындағы түбірлі мәселелер бұдан бұрын құрылған механизмдер – Чили және Перу үкіметтерімен екіжақты жұмыс топтары шеңберінде бір-бірінің нарығына тауарлардың жеткізілуі бөлігінде мейлінше көп практикалық мүдделілік білдірілген мәселелер бойынша салалық өзара іс-қимылды іске қосуға назар аудару, Колумбиямен өзара іс-қимылдың мүмкіндіктері, сондай-ақ ЕЭК пен Тынық мұхит альянсы арасындағы Декларацияны іске асыру перспективалары болды. Бірлескен ЕАЭО – Тынық мұхит альянсы бизнес-форумын ұйымдастыру мүмкіндігін пысықтау және іскер топтардың тікелей байланысуын орнатуға жәрдем көрсету жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Перуге сапары барысында Татьяна Валоваяның Латын Америкасының байырғы интеграциялық бірлестігі және ЕЭК 2017 жылы байланыс орнатқан бірінші бірлестік – Анд қоғамдастығының басшылығымен келіссөзі болып өтті. Тараптар интеграциялық бірлестіктердің ағымдағы дамуы туралы өзекті ақпаратпен алмасты және тақырыптық бейнеконференциялар мен екі құрылымның әрі іскер топтардың өкілдерінің сапар алмасуын ұйымдастыруды қоса, өзара іс-қимылды жолға қою жөніндегі нақты қадамдарды белгіледі.

Анықтама
Тынық мұхит альянсы – бұл Тынық мұхитқа шығу жолы бар Латын Америкасы мемлекеттерінің (Колумбия, Мексика, Перу және Чили) бірлестігі. Тынық мұхит альянсы экономикалық бастаманы білдіреді, тұрақты жұмыс істейтін әкімшілік құрылымы жоқ. Альянстың жоғары органы мемлекет басшыларының саммиті болып табылады, ол бірлестіктің іс басындағы уақытша төрағасы болып табылатын елде жыл сайын өткізіледі. 2019 жылғы шілдеден бастап 2020 жылғы шілдеге дейінгі аралықта альянстағы төрағалық ету Перу Республикасынан Чили Республикасына ауысады, төрағалық ету әліпбилік тәртіппен жарты жылдық мерзімге кезекпен беріледі.

ЕЭК атынан құжатқа Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Татьяна Валовая қол қойды. Тынық мұхит альянсы тұлғаларынан: Чили Республикасы атынан - Сыртқы істер министрі Теодоро Рибера Неуманн, Колумбия Республикасы атынан - Сыртқы істер министрі Карлос Холмс Трухильо Гарсия және Сауда, өнеркәсіп және туризм министрі Хосе Мануэль Рестрепо Абондано, Мексика Құрама Штаттары атынан - Сыртқы істер министрі Марсело Луис Эбрард Касаубон және Экономика министрі Грасиэла Маркес Колин, Перу Республикасының атынан - Сыртқы істер министрі Нестор Пополисио Бардалес және Сыртқы сауда және туризм министрі Эдгар Васкес Вела құжатқа өз қолдарын қойды.