Жүйеге кіру
ЕЭК Ветеринарлық-санитарлық шаралар бойынша Ішкі комитет жұмысын бастады

ЕЭК Ветеринарлық-санитарлық шаралар бойынша Ішкі комитет жұмысын бастады

08.02.2013
 

7 ақпан күні Санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар Департаментінің директоры Олег Арнаутовтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Техникалық реттеу, санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар бойынша Консультативтік комитетінің жанындағы ветеринарлық-санитарлық шаралар бойынша ішкі комитеттің алғашқы отырысы болып өтті.

Ішкі комитеттің мүшелері ветеринарлық-санитарлық шаралар бойынша ішкі комитет туралы Ережені, Сараптамалық және жұмыс топтары туралы Ережені мақұлдады, Ішкі комитеттің 2013 жылға арналған Жұмыс жоспарын келісті. Кеден одағының «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің Мал текті қайта өңделген тағам өнімдерін құжаттық сүйемелдеу бөлігінде жекелеген ережелердің іске асырылуы мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, алдағы уақытта Қазақстан Республикасының ДСҰ-на қосылуына байланысты, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің келісім-құқықтық базасын көптарапты сауда жүйесінің аясында қызмет ету жағдайларына бейімдеу бойынша іс-шаралар Жоспарының іске асырылуы мәселесі қаралды.