Жүйеге кіру
Кеден одағы – ветеринарлық шаралар саласындағы орасан зор жаңа іс-әрекеттердің алдында тұр

Кеден одағы – ветеринарлық шаралар саласындағы орасан зор жаңа іс-әрекеттердің алдында тұр

07.12.2012

3-6 желтоқсан күндері Владимир қаласында Еуроодақтың денсаулық және тұтынушыларды қорғау (DG SANCO) бойынша Бас Директоратының Азық-түлік және ветеринария бойынша Бюросының (FVO) сарапшылары аудиторлық семинарлар циклын ашты. «Шет елдерде ветеринарлық қадағалау жүйелеріне баға беру бойынша аудиттерді дайындап, өткізудің тәжірибелік аспектілері, аудиттердің барысында алынған мәліметтерді талдау, шешімдер қабылдаудың шамалары, бастапқы және қорытынды есептер дайындау» алғашқы семинардың тақырыбы болды. Семинарға Еуразиялық экономикалық комиссияның ветеринарлық шаралар бөлімінің бастығы Валерий Ситников қатысты.

 Қазірде Кеден одағы ветеринарлық шаралар саласындағы орасан зор жаңа іс-әрекеттер– жоғарыда аталған жаппай аудиттерді өткізу алдында тұр. Семинарда үшінші елдерде ветеринарлық қадағалау жүйелерін бағалау бойынша мұндай аудиттерді дайындап, өткізудің қағидаттары егжей-тегжейлі қаралды. Аталған аудиттер «Ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жатқызылған объекттерде бірлескен тексерістер өткізудің және тауарлардың (өнімдердің) сынамаларын іріктеп алудың бірыңғай тәртібі туралы Ереже» бекітілген КО Алқасының № 834 Шешімімен реттеліп отырады әрі Ресей ДСҰ қосылғанша іс жүзінде жүзеге асырылған емес.

ЕЭК Санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар Департаментінің директоры Олег Арнаутов былай деді: «Аталған Ереже әлдеқашан күшіне енген, алайда аудит өткізу ісіндегі өкілеттіктерді жүзеге асырудағы практикалық тәжірибеміз тым аз. Мұндай семинарларды тұрақты өткізіп тұру керек. Соның нәтижесінде алынған тәжірибе кеден одағының ветеринарлық инспекторларына олардың алдарына қойылған міндеттеріне сапалы түрде орындап отыруларына септігін тигізеді».