Жүйеге кіру
Еуразиялық технологиялық платформалар инвесторларды күтуде

Еуразиялық технологиялық платформалар инвесторларды күтуде

07.08.2020
Еуразиялық экономийкалық комиссия Еуразиялық технологиялық платформаларда қатталған жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты  күшейтуге ниеттеніп отыр. Бұл туралы ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Артак Камалян өз төрағалығымен Комиссия алаңында болып өткен Еуразиялық технологиялық платформалардың III съезінде мәлімдеді.

 

«Технологиялық платформалар механизмі қағидатында тиімді. Инновациялық және ғылыми негізделген жақсы идеялар аясында қажетті қаржыландырудың әрқашан табыла бермейтіндігіне байланысты белгілі бір қиындықтар туындайды. Бұл алға жүруге кедергі жасайды. Біз осы орайда жұмыс істейміз және осындай жобалар үшін қаржыландыру көздерін іздестіретін боламыз»,- деп атап өтті Артак Камалян.  

Кездесуге ЕАЭО елдерінің ғарыштық қызметтер көрсету саласындағы бірінші Мемлекетаралық бағдарламасы  себепші болды. Еуразиялық «бестік» елдерінің Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) деректері негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсету саласындағы  жаһандық кооперациялық жобасын шілденің ортасында Одақ елдерінің вице-премьерлері мақұлдады.

 Бағдарламаны 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі аралықта іске асыру белгіленген. Ол ЕАЭО елдері спутниктерінің топталымын құруды бағамдайды.

Кеңесте осы Мемлекетаралық бағдарламаны  іске асыруға кіріскен технологиялық платформа өкілі және энергетика саласындағы мемлекетаралық бағдарламаны әзірлеу платформасының - «Энергетика және электрлендіру» ЕТП басшысы сөз сөйледі.

Ғарыштан бастап ауыл шаруашылығына дейін барлығы 16 әртүрлі технологиялық платформа құрылған.


Кездесуге қатысушылар өз жобалары туралы және Комиссияның оларды реттеуге көмектесу мүмкіндігіне қатысты проблемалар жайында әңгімеледі. Бұл ретте барлық жобаның интеграцияланатын бастауы бар.

ЕЭК министрінің сөзінше, Одақ мемлекеттерінің басшылары 2020 жылды бірлестіктің қалыптасу кезеңінен ауқымды практикалық интеграциялық күн тәртібін іске асыруға қарай көшудің, Еуразиялық интеграцияның символы болуға қабілетті маңызы бар кооперациялық жобаларды іске қосудың сапалық тұрғыдағы жаңа кезеңі ретінде белгілеп берді.

Нақ осындай ауқымды міндеттердің атқарылысы үшін Комиссия Еуразиялық технологиялық платформалар институтын құрды. Мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру, әзірлеу және іске асыру туралы ереже бекітілді. Бұл ретте технологиялық платформаларға оларды әзірлеу және іске асыру жөніндегі бастамалар енгізудің бірегей құқығы берілген.

«Тұтастай алғанда, қатысушылар оптимистік көңіл-күйде. Біз мұндай кездесулерді жүйелі өткізіп тұратын боламыз. Мәселелерді жедел шешіп, алға қарай жүру үшін бұл қажет»,- деп санайды Артак Камалян.  

Қорытындысында ЕЭК министрі барлық технологиялық платформаны бірінші мемлекетаралық бағдарламадан алынған тәжірибені ескере отырып, Одақтың өнеркәсіптік ынтымақтастығының басым салалары бойынша белсенді жұмысқа кірісуге және бағдарламалар мен жобалар бойынша жаңа ұсыныстарды Комиссияның қарауына енгізуге шақырды.​