Жүйеге кіру
Норвегия бизнесі ЕАЭО-дағы әріптестермен ынтымақтастыққа мүдделі

Норвегия бизнесі ЕАЭО-дағы әріптестермен ынтымақтастыққа мүдделі

07.08.2020

Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Гоар Барсегян Норвегия-Ресей сауда палатасының атқарушы директоры Ярле Форбурмен және Норвегия бизнесінің өкілдерімен бейне режімдегі кездесуде Еуразиялық экономикалық одақ, оның ұлтүсті құзыреттері, Одақтың жаңа интеграциялық бағдарлары туралы, сондай-ақ ЕАЭО мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың ағымдағы жай-күйі жайында әңгімеледі.

ЕАЭО-ның Еуропа елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығына түсіндірме бере келіп, Гоар Барсегян «Техникалық диалогтың іске қосылғанына және Еуропалық одақ мемлекеттерімен екіжақты қатынастардың дамуына қарамастан, Одақтар арасындағы толық ауқымды диалог басталған да жоқ» деп атап өтті.

«ЕО-ның жекелеген елдерінің бизнесі және Еуропалық әртүрлі қауымдастықтар екі Одақтың диалогын бастау қажеттігін түсінетіндігіне біздің көзіміз жетіп отыр. Комиссияның әртүрлі блоктарының желісі бойынша сарапшылық кездесулер жүйелі бола түсті, кедендік және тарифтік реттеудің жекелеген сегменттері, тауарлардың сыныпталуы, шығу тегі, транзиті және т.б. нысаналы талқылануда. Алайда мұның бәрі эпизодтық ынтымақтастықтың мысалдары ғана, ал аса ірі екі интеграциялық бірлестіктің жүйелі диалогы жоғарыдан жүруге тиіс», деді департамент директоры.

Гоар Барсегян сондай-ақ Одақтың коронавирустық инфекцияның таралуын алдын ала ескерту және болдырмау жөнінде қабылдап жатқан шараларына норвег аудиториясының назарын ерекше аударды. Ол пандемия қатері мен жаппай іске қосылған алуан түрлі шектеулердің ЕАЭО елдері үшін елеулі сын болғанын атап көрсетті. Комиссия өкілінің сөзінше, оқиғалардың дамуы қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге бірлескен күш – жігермен неғұрлым тиімді қарсы тұруға болатынын көрсетті.