Жүйеге кіру
ЕЭК какао-өнімдердің жекелеген түрлеріне арналған кедендік әкелу баждарының нөлдік ставкасының қолданылуын ұзартты, ыстықтай тапталған прокатқа арнайы қорғау шарасын қолданды

ЕЭК какао-өнімдердің жекелеген түрлеріне арналған кедендік әкелу баждарының нөлдік ставкасының қолданылуын ұзартты, ыстықтай тапталған прокатқа арнайы қорғау шарасын қолданды

07.08.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы 6 тамызда сауда, кедендік ынтымақтастық, техникалық реттеу, дәрілік заттардың айналысы, санитариялық және ветеринариялық шараларды қолдану, экономиканы цифрландыру, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің ішкі нарығының жұмыс істеуі саласындағы мәселелерді қарады.

ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифінің какао-өнімдердің жекелеген түрлеріне – майсызданбаған какао-пастаға, какао-майға және какао-тоңмайға арналған кедендік әкелу баждарының нөлдік ставкасының қолданылуын қоса алғанда 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралыққа ұзартты.

Бұл өнімдер какао-атбас бұршақтарын қайта өңдеудің аралық тауарлары болып табылады және шоколад пен одан әртүрлі бұйымдар әзірлеу үшін пайдаланылады. Какао-атбас бұршақтарын какао-өнімдерге қайта өңдеу кәсіпорындары ЕАЭО-ның Қырғызстаннан басқа елдерінің бәрінде бар. Бірақ сұранысты және мүше мемлекеттерде бар қуаттарды ескере келгенде, Одақтың ішкі нарығында жылына шамамен 73 мың тоннадай
майсызданбаған какао-паста, какао-май және какао-тоңмай жетіспейді.​

Нөлдік ставка бұл тапшылықтың орнын толтыруға көмектеседі. Бұдан басқа, қабылданған шара ЕАЭО елдері өндірісшілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Металпрокатының жекелеген түрлерінің импортына қатысты тергеп-тексеру қорытындылары бойынша ЕЭК Алқасы
ыстықтай тапталған прокатқа арнайы квота нысанында 1 жыл мерзімге арнайы қорғау шарасын қолданды.

Оның көлемі
1 327 758 тонна мөлшерінде белгіленген. Ыстықтай тапталған прокат ЕАЭО-ға осы көлем шеңберінде арнайы баж төлемей жеткізіледі, ал одан артық болса - кедендік құннан 20 % мөлшерінде баж төленеді. Қорғау шарасы 2019 жылғы 1 желтоқсаннан қолданыла бастайды. ЕЭК Алқасы осы сәтке дейін СЭҚ қатысушылары арасында арнайы квотаны бөлу тәртібін айқындайды. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер Комиссия Алқасы айқындайтын бөлу әдістемесін пайдалана алады не өз әдістемесін бекітеді.

Арнайы қорғау шарасы
ЕАЭО-ның тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесін пайдаланушы - дамушы немесе неғұрлым төмен дамыған елдерден (Корея Республикасынан басқа), сондай-ақ ТМД мемлекеттерінен (Украинадан басқа) әкелінетін ыстықтай тапталған прокатқа қолданылмайтын болады.

ЕЭК Алқасы жеке тұлғалардың кедендік декларациялау кезіндегі қолма-қол ақша қаражаттары мен ақша құралдарының
жалпы сомасы баламалы алғанда 100 мың АҚШ долларынан асып кеткен жағдайда олардың шығарылған жерін растау үшін құжаттар ұсынуы қажеттігін белгіледі.

ЕАЭО-да ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдануды ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы ортақ процестерді іске асыру қағидалары бекітілді.

Бұл ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, ветеринариялық-санитариялық шаралар саласындағы
ортақ процестерді іске асыру арқылы Одақ елдерінің уәкілетті органдары мен Комиссия арасында электрондық түрдегі автоматтандырылған ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге көмектеседі. Электрондық ветеринариялық сертификаттарды пайдалану барлық одақтас елдердің уәкілетті органдарының жұмыс практикасына енеді. Мүше мемлекеттердің арасында өткізілетін бақылаудағы тауарлардың неғұрлым тиімді бақылануы қамтамасыз етілетін болады.

Нәтижесінде ветеринариялық бақылау уақыты қысқарады, оның тиімділігі артады. Уәкілетті органдар арасындағы неғұрлым жедел ақпарат алмасудың арқасында ветеринариялық-санитариялық жағынан қауіпті тауарлардың әкеліну және өткізілу тәуекелі азаяды.

Өнімге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық- эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар тамақ өнімі құрамында бірқатар заттектің болуының барынша жол берілетін деңгейі нормативтерімен толықтырылды. Бұлар - 3-монохлорпропандиол (3-MCPD), глицидол және олардың эфирлері.

3-MCPD эфирлері және майлы қышқылдың глицидилді эфирлері тағамдық қоспалар болып табылады. Олар өсімдік майлары 200 °С жоғары қызған кезде, мысалы, тазарту процесіндегі иіссіздендіру сатыларында технологиялар бұзылған кезде пайда болады. Нормативтерді белгілеу құрамында өсімдік майлары болатын тамақ өнімдерін пайдалану кезінде, адамдардың, әсіресе сәби шақтағы балалардың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді. Жаңа талаптар Одақтың тиісті техрегламенттеріне өзгерістер енгізгеннен кейін күшіне енеді.

ЕЭК Алқасы Одақ техникалық регламенттерінің Қырғызстанда күшіне ену тәртібіне өзгеріс енгізді

«Автомобиль және авиация бензиніне, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштар отынына және мазутқа қойылатын талаптар туралы» одақтық техрегламенттің күшіне енуі жөніндегі өтпелі ережелер автомобиль отынына ұлттық сертификаттарды ресімдеу мүмкіндігі бөлігінде 2019 жылғы 12 тамызда аяқталады. Қырғыз тарапының өтініші бойынша бұл мерзім ЕЭК Алқасының шешімімен 2021 жылғы 12 тамызға дейін ұзартылды.​​

Қырғыз кәсіпкерлері осы күнге дейін отынның Қырғыз Республикасының міндетті талаптары бойынша сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды ресімдей алады, ал аталған құжаттарды, егер олардың қолданылу мерзімі бұрынырақ өтіп кетпесе ғана, Қырғызстан аумағында өз өнімін айналысқа шығару үшін 2023 жылғы 12 тамызға дейін қолдана алады.​

Бұл өнім Қырғыз Республикасының ұлттық сәйкестік белгісімен таңбаланады. Оның бірыңғай одақтық белгімен таңбалануына және ЕАЭО нарығындағы айналысына жол берілмейді.

ЕЭК Алқасы дәрілік өсімдік шикізаттарының микробты контаминациясының, өсімдік фармацевтикалық субстанциялардың (дәрілік өсімдік шикізаты негізіндегі препараттардың) және дәрілік өсімдік препараттарының қауіп-қатерін бақылау жөніндегі нұсқаманы қабылдады.

Нұсқама өндірушілерге дәрілік өсімдік шикізаттары мен дәрілік өсімдік препараттарының микробтық зардаптанғандық дәрежесін бақылауға және оларда микроорганизмдердің көбеюіне жол бермеуге мүмкіндік туғызатын өңдеудің әртүрлі әдістерін таңдауға жағдай жасайды.

Дәрілік заттардағы ДНҚ-реактивті (мутагендік) қоспаларды бағалау мен бақылау және ықтимал канцерогендік қауіп-қатердің шекараларын белгілеу жөніндегі нұсқама қабылданды.

Құжат дәрілік препараттарда осындай қоспалардың қалдықтары бар болған кезде олар тудыратын ықтимал канцерогендік қауіп-қатерді шектеу үшін фармацевтикалық субстанциялардың және дәрілік препараттардың құрамындағы мутагендік қоспаларды санаттау мен бақылаудың бірыңғай әдістемесін белгілейді.