Жүйеге кіру
ЕАЭО Латын Америка және Кариб бассейні елдерімен ынтымақтастықты дамытуда

ЕАЭО Латын Америка және Кариб бассейні елдерімен ынтымақтастықты дамытуда

07.06.2019
Тауар айналымын арттыру – Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) және Латын Америка мен Кариб бассейні елдері ынтымақтастығының негізгі мақсаты. Бұл туралы 5 маусымда Комиссиямен өткізілген семинарда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Виктор Назаренко мәлімдеді.

Семинар жұмысына Латын Америка және Кариб бассейні Мемлекеттерінің тобына (ЛАКБМТ) кіретін елдердің басшылары мен дипломатиялық өкілдіктер өкілдері қатысты.

Виктор Назаренко ЕАЭО және ЛАКБМТ елдеріндегі өнімнің айналымын реттеу жүйелері туралы ақпаратпен ұйымдастырылуы Комиссия алаңында жоспарланып отырған алмасу сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту тиімділігінің кепілі екенін атап өтті.

Семинар барысында санитарлық, мал дәрігерлік және фитотосанитарлық шараларды (СФС-шараларды) қолдану, сондай-ақ олардың талаптары Одақтағы тауарлар қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және халықаралық сауданың дамуында маңызды рөл атқаратын техникалық регламенттермен өзара байланысына негізгі көңіл бөлінді.

Латынамерикалық әріптестер ЛАКБМТ туралы, сондай-ақ олардың елдерінде қолданылатын СФС-шаралар туралы қысқаша таныстырылымды ұсынды.

Семинардың қатысушылары ЕАЭО және ЛАКБМТ елдері ынтымақтастығының маңыздылығын атап көрсетті, өзара ықыластық болып табылатын бағыттар бойынша кейінгі бірлескен жұмыс мүмкіншіліктерін белгіледі.