Жүйеге кіру
ЕЭК-ке кедендік ынтымақтастық жөніндегі министр тағайындалды

ЕЭК-ке кедендік ынтымақтастық жөніндегі министр тағайындалды

_MG_9616-1.jpg
07.06.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының жаңа мүшесі (Министрі) болып Қырғыз Республикасынан Нурлан Акматов тағайындалды. Оның құзіретіне Еуразиялық экономикалық одақтағы кедендік реттеу мәселелері кіреді.

Нурлан Акматов ЕЭК кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (министр) лауызымында Мукай Кадыркуловты алмастырды.

ЕЭК Алқасының жаңа мүшесі – кадрлық кеденші. Нурлан Акматов Қырғыз Республикасы кедендік органдарына 1995 жылы қызметке түсіп, қатардағы инспектордан бастап Қырғыз Республикасы Мемлекеттік кедендік комитет Төрағасына дейінгі жолды өтті.

2011 жылдан бастап 2018 жылға дейін Қырғызтанның ең ірі кәсіпорындарының бірі – «Газпромнефть Азия» басшысының орынбасары болып жұмыс жасады. 2018-2019 жж. «Манас» халықаралық әуежайы» ААҚ басқармасын басқарды.