Жүйеге кіру
Тигран Саркисян ПМЭФ-тың ашылуында: «Біздің Одақ экономикалық және ол жүзеге асты»

Тигран Саркисян ПМЭФ-тың ашылуында: «Біздің Одақ экономикалық және ол жүзеге асты»

07.06.2019
«Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) экономикалық бірлестік болып табылады. Біздің жұмысымыздың алғашқы бес жылы біздің жобамыздың атына, ол саяси деген сынның негізсіз екенін сенімді дәлелдеді. Бұны фактілер куәландырады», - осындай мәлімдемемен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян 6 маусымда ХХІІІ Петербург Халықаралық экономикалық форумының ашылу салтанатында сөз сөйледі.

Ол ЕАЭО жасау идеясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтікі екенін еске салды, ол 25 жыл бұрын Мәскеу университетінде Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыру бастамасымен сөз сөйледі, ол үшін оның осыны жасау қажеттілігінің объективті дәлелдері болды. «Бұл ортақ мәдени өткеніміз әрі ортақ құндылықтар әрі ортақ экономикалық мүдделер. Осы қағидаттардың және тең құқықты қатысу қағидатының негізінде ЕАЭО құрылды»,- деп әңгімеледі Тигран Саркисян.

Ұлт үстілік институттың- барлық Еуразиялық одақ үшін міндетті шешімдерді қабылдайтын Еуразиялық экономикалық комиссияның болуы ЕАЭО ерекшелігі болып табылады. Бұл ретте ЕАЭО-ның Еуропалық одақтан айырмашылығы шешімдердің консенсустық негізде қабылдануында. Бұл қандай да бір қатысушы елге бірдене ұнамаса, ол тыйым салу құқығын пайдалана алады дегенді білдіреді. «Біздің елдерімізде осындай құрал бұрын-сонды болмаған. Соның арқасында олардың дерлік 200 млн адамды құрайтын зор кеңістіктің экономикалық саясатына іс жүзінде әсер ету мүмкіндігі бар», - деп атап өтті ЕЭК Алқасының Төрағасы.

ЕАЭО-да тепе-тең қатысу қағидаты қолданылады, яғни Армения мен Қырғызстан дауыстарының саны Ресей, Қазақстан және Беларусьтегідей. Комиссияда әрбір елден екі министрден жұмыс жасайды. Сондай-ақ, ЕЭК Кеңесінде вице-премьерлер деңгейінде әрбір мүше мемлекеттің бір дауысы бар. «Осылайша, жалпы ұлттық өнімнен, тұрғындар санынан, аумақтан тәуелсіз, біз Одағымызда бірдей құқықтарға иеміз», - деп қорытындылады ЕЭК Алқасының басшысы.

Тигран Саркисян атап өткендей, іскерлік жұртшылықтың бағасы Одақтың елеулі табыстарының растамасы болып табылады. Бес жылдың ішінде төрт «бостандықты» қалыптастыру - ЕАЭО аумағында тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін жылжуы бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Одақ бірте-бірте оларды іске асыруға ілгерілеп келеді. Бұл бизнес тұрғындар саны 200 млн жуық адамы бар ЕАЭО барлық аумағында тауарлар мен қызметтерді жеткізе отырып, өзара сауда жасауда кедергілерді алып тастаудан алатын пайдалары. Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға интеграциясы нәтижелері туралы баяндамалар қорытындыларына сәйкес, осы елдерден жалпы нарыққа экспорт көлемдері айтарлықтай өсті - жыл сайын 30%-дан астам. Бұл осы мемлекеттерде экономикалық өсу үшін айтарлықтай үлес пен ынталандыру болып табылады.

Одақтың жүзеге асқанын куәландыратын басқа факті - халықаралық ұйымдар мен үшінші елдердің оған деген қызығушылығы. Шамамен 50 субъекті ЕЭК-ке тікелей экономикалық диалогты реттеу өтінішімен жүгінді. Ең алдымен, еркін сауда аймақтары жөніндегі келісімдер туралы сөз болып отыр. Сондай-ақ, бұл Қытаймен Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім. Еркін сауда аймақтарын (ЕСА) қалыптастыру бойынша басымдылықтар белгіленді. Бұл жеті ел. Вьетнаммен ЕСА туралы келісім әлдеқашан жұмыс жасауда. ЕАЭО және Иран арасында еркін сауда аймақтың пайда болуына әкелетін Келісімге қол қойылды. Қазір Сербиямен келіссөздер аяқталып жатыр, Сингапурмен және Израильмен келіссөздер қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, Үндістан мен Мысыр басымдылықты елдердің қатарында. Одақ екі орасан зор интеграциялық бірлестікпен - АСЕАН және МЕРКОСУР-мен өзінің өзара әрекеттесуін ресімдеді. «Халықаралық ынтымақтастықты дамыту біздің Одақтың экономикалық екенінің және оның жүзеге асқанының дәлелі болып табылады», - деп атап өтті Тигран Саркисян.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) бас хатшысы Антониу Гутерреш ашылуда сөз сөйлеп, 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы кедергілер туралы әңгімеледі. Бұл өсу қарқындарының, демек, Мақсаттарды орындауға іргелілеудің, сауда саласындағы шешімдердің күрделі баяулауы, технологиялармен, мысалы, 5G желілермен, жасанды интеллектпен байланысты жанжалдар, ал бұл нарықтардың құбылмалылығына және болжап білуге болмайтынына әкеледі.

«Дәл сол уақытта біз климат өзгеруінің куәгерлері болып табыламыз, бұл бәріміз үшін орасан қауіп, бұл біздің Мақсаттарымызды орындауға жылжу мүмкіндіктерімізді шектейді. Біз Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс, жасанды интеллект дейтін жаңа технологиялар әсерін көріп отырмыз, олар нарықтарға, әсіресе еңбек нарықтарына өте үлкен әсер тигізетін болады. Жұмыс орындары жасалып, бір мезгілде жойылып отырады. Біз осыған дайын емеспіз. Білім беру жүйесін түрлендіру керек, сондықтан біз үйренуіміз тиіс, қажетсіз болатын нәрселерге үйрену керек емес», - деп хабарлады Антониу Гутерреш.

Барлық осы себептер бойынша қазір Тұрақты даму мақсаттарына жылжу қиындай түсті. Сонымен қатар, оларды іске асыру дүние жүзінде жүргізіліп отырған екіполярлы болған, көпполярлыға айналған ал бүгінгі күні біршама былық болып отырған саясатқа байланысты деп түйіндеді БҰҰ-дың бас хатшысы.

Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары, ЕЭК Кеңесінің мүшесі Антон Силуанов шектеулер енгізетін және осылайша артықшылыққа үміттенетін елдер нәтижесінде плюстерге қарағанда, көп минус алады деп атап өтті. «Егер есеп айырысуларға немесе саудаға шектеулер енгізілетін болса, бұны айналып өтудің әдістері бірден пайда болады. Бір ел үшін артықшылық жасау есебінен жаһандық экономикада артықшылық алу жүзеге аспайды», - деді вице-премьер. Дүние жүзінде қалыптасқан жағдайға қарама-қарсы Ресей сауда, есеп айырысулар және бизнесті дамыту үшін жағымды жағдай жасай отыра, бұны қалайтын, ең алдымен ЕАЭО елдерімен ашықтыққа және жұмыс жасауға бағытталған.

Молдова Республикасының Президенті Игорь Додон оның елі ең жақын уақытта теңгерім үлгісі бола алады деген пікір білдірді. «Өзгешелік біздің Еуропалық одақпен де, ТМД-мен де келісімнің болуында. Бүгінгі сатыда Молдованың Еуропамен визасыз тәртібі және дәл сол уақытта ТМД-мен еркін сауда туралы Келісім бар. Біз ЕурАзЭҚ-та бақылаушы мәртебесін алған дүниежүзіндегі алғашқы елміз, - деп хабарлады ол. - Біз барлық алаңда белсенді жүргізетін теңгерімділік біз барлығы үшін үлгі болатынымызға әкелуі мүмкін.»

Сонымен қатар, форумның ашылуында Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары Улзийсайхан Энхтувшин және Саяси бюро мүшесi, Вьетнамның Коммунистік партиясының ОК хатшысы, Вьетнамның Коммунистік партиясының ОК экономикалық бөлімінің меңгерушісі Нгуен Ван Бинь сөз сөйледі, олар өз елдерінің халықаралық ынтымақтастығы дамуы векторының өкілдері.